Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Атырауда лауазымына сай емес мемлекеттік қызметкерлер бар

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Б» корпусы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудың үшінші кезеңі аяқталды. Әңгімелесуге 2215 мемлекеттік қызметкер қатысқан.

Атырауда лауазымына сай емес мемлекеттік қызметкерлер бар

«Аттестаттау комиссиясы 67 мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік лауазымын жоғарылатуды ұсынды. Ал 32 қызметкердің атқарып отырған лауазымына сай еместігі анықталып, қызметін төмендету ұсынылды», - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар бойынша 34 мемлекеттік қызметшінің лауазымын төмендетуге  ұсыныс берілген. Ал 14 қызметші атқаратын лауазымына сай емес деп танылып, жұмыстан шығару ұсынылды.

Департамент басшысы дәлелді себептермен аттестаттаудан өтпеген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін маусым айының соңына дейін өткізу жоспарланып отырғанын айтады.

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан».

Атырау.