Технология • 15 Маусым, 2017

Ақтауда жас роботшылар сайысы өтті

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роботты техника жасаушы жас­тарды өзара сайыстырып, аймақ­тық олимпиада өткізуші – Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зият­кер­лік мектебі. Қазіргі заман­дағы ғылыми-тех­никалық шы­ғар­машылықты да­мыту мақ­сатын­дағы сайысқа 47 топ қа­тыс­ты. Жарыс негізгі, шы­ғарма­шы­лық, роботтар футболы және еркін категория бойынша өтті. 

Ақтауда жас роботшылар сайысы өтті

– Олимпиаданың былтыр­ғы жарыстан бірнеше ерекше­лігі, жарысқа қатысушы орта мек­теп­тер саны былтырғыға қара­­­­ған­­да көп. Десе де, зият­кер­­лік мек­теп­тен қатысушылар ба­сым. Сонымен қатар, биыл­ғы жарыс категорияларына «еркін категория» қосыл­ды. Аталған категория орта мектептегі, орталықтардағы оқу­­­­шылардың роботты тех­ни­каға қызығушылығын ояту мақсатында енгізіліп отыр, – дейді олимпиаданың бас төрешісі Алқуат Қазиев. 
Роботты техника байқауы World Robot Olympiad (WRO) ұйымының бастамасы­мен 2004 жылдан бастап ұйым­дас­тырылады. Ұйымның Қазақ­стандағы ұлттық операторы – «Назарбаев зияткерлік мек­тептері» дербес білім беру ұйы­мы. Аймақтық олимпиадада не­­гізгі, шығармашылық және фут­­бол категорияларында І орын­­ға ие болған оқушылар ЭКСПО-2017 көрмесінде рес­пуб­­ликалық WRO-олимпиа­дасын­да бақ сынайды. Бұл жерде жеңіске жеткен команда ұлттық құрамаға ілініп, дүние­жүзілік робот олим­пиадасына қатысады.

Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы