Қазақстан • 15 Маусым, 2017

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Штаб өкілдерімен кездесті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ТМД байқаушылар Миссиясы Штабының басшысы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Атқару комитетінің бөлім бастығы Е.Слобода мен ТМД Байқаушылар миссиясы штабының мүшелері, ТМД Атқару комитетінің кеңесшілері О.Кулеба мен Е.Козякты қабылдады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Штаб өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Сенатының депутаттарын сай­лауында халықаралық байқауды ұй­ым­дастыру мәселелері бойын­ша пікір алмасты. Б.Имашев Орт­сайлаукомның ТМД Мис­сия­сы­­ның байқаушыларына сай­лау­ды байқауды ұйымдастыруда ақ­па­­раттық және басқа да барлық қа­жет­ті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

ТМД байқаушылары ми­ссия­сы­ның Қазақстандағы, соның ішінде Сенат депутаттарын сайлау бойын­ша жұмыс тәжірибесі үл­кен. Байқаушылар миссиясының пі­кі­рі бойынша, сайлауға әзір­лік құ­қық­тық кеңістікте, демок­ра­тия­лық не­гізде өтіп жатыр.
ТМД байқаушылары байқаудың нә­тижелері бойынша өзінің тұжы­рым­дары мен ұсынымдарын сайлау науқаны аяқталған бойда жұрт­шы­лықтың назарына ұсынуды көздеп отыр. 

«Егемен-ақпарат»