Бизнес • 15 Маусым, 2017

Зайсанда көлік-логистикалық орталық салынады

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Зайсан ауданының әкімі Темір­­бек Қасымжановтың айтуын­­ша, жалпы аумағы 45 мың шар­шы метрді құрайтын көлік-ло­гис­тикалық орталық Май­­қап­­шағай кеден бекетіне жақын жерге салынады.

Зайсанда көлік-логистикалық орталық салынады

«Қазіргі таңда еуразиялық логистикалық инфра­құрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жобаны іске асыруға «Eurotransit Termi­nal» жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігі ықылас танытып отыр. Оларға жобаның құрылыс жұ­мыс­тарын жүзеге асыруға 20 гек­тар жер берілді», дейді аудан әкімі. 
Қазіргі уақытта Зайсан ауда­нында газдандыру жұмыс­­­­­тары жүргізіліп жатқаны бел­­гілі. Зайсан қаласында соңғы екі жылда 766,4 миллион теңгеге бірінші кезектегі ішкі орамдық газ тарату желілерін іске қосу жұмыстары жүргізіліпті. Осы уақытқа дейін қаладағы бір мың­нан астам тұрғын үйге, 12 бюд­жеттік және 78 кәсіпкерлікпен шұ­ғыл­данатын мекемеге, мек­теп­терге газ жеткізіліпті. Темір­­бек Қасымжанов аудан орта­лы­­ғындағы тұрғын үйлер мен ны­сандарды газдандыру жұмыс­тарының биыл толық аяқталып, ауданның елді мекендерін газ­дан­дыру шаралары одан әрі жал­ғасатынын айтты.
Тағы бір жағымды жаңалық, жақында Зайсан қаласында 60 пәтер­лі екі үйдің құрылысы бас­­талады. Ауданда қазір  900-ден астам адам пәтер кезегінде тұр­­ған көрінеді. Егер қос үйдің құры­­лысы мерзімінде аяқталған жағ­­дайда 120 отбасының бас­пана мәселесі шешімін табатын болады. Аудан әкімі қазіргі уақыт­та өңірге келгісі келетін жас­тар­дың қатары қалың екенін жеткізіп, сондықтан бұл мәсе­ленің түйінін тезірек тарқатудың маңыздылығына тоқталды.

«Өткен жылы аудан эконо­микасына 11 миллиард 729,2 мил­­лион теңге инвестиция тар­тылды. Аудандағы аумақтық ин­дустрияландыру картасына үш жоба енгізілді. Оның ішінде «СМУ-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты құрылыс комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыты, «Нұр» шаруа қожалы­ғының ет комбинаты жобалары бар. Көрші Қытай елінің инвес­торлары ауданда «Ертіс-ТЗ» мар­ка­лы трактор және ауыл шаруа­­шылығына қажет түрлі құрыл­ғыларды шығаратын зауытты іске қосты», деген аудан басшысы өткен жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 17 миллиард 502,1 миллион тең­гені құрағанын, мал тұқымын асыл­дандыру бағытында бірқатар шаруалардың қолға алынғанын тілге тиек етті.

Азамат Қасым,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, 
Зайсан ауданы