ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына байланысты бірқатар көшелер жабылады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ШЫҰ саммиті және ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына байланысты бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына байланысты бірқатар көшелер жабылады

Ресми іс-шаралардың өткізілуіне орай, бүгін 9 маусым елордада жолдың жеке учаскелерінде Мәңгілік ел, Ұлы дала, Республика, Абай, Кенесары, Тәуелсіздік, Нәжімеденов, Сығанақ, Қабанбай батыр көшелері бойынша көлік қозғалысына қысқа мерзімде шектеледі.