Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Петропавл – Шымкент арасына ұшақ қатынай бастады

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрделі жөндеуден өтіп, қай­тадан іске қосылған Петропавл халықаралық әуежайына тіршілік қаны жүгіріп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсете бастады.

Петропавл – Шымкент арасына ұшақ қатынай бастады

Мұнда Астана, Алматы бағыт­тары бойынша ұшақтар қатынап келсе, бұдан былай Шым­кентке де айқара жол ашылып отыр. Оның алғашқы жолаушысы ретінде мектеп оқушысы Айсұлу Ерлікқызы тіркелді. Әке-шешесін қатты сағынғаны түрінен де, сөзінен де білініп тұрды. Бұрын пойызбен тәуліктеп сапарласа, енді отбасына тез-ақ жете алады. Айтолла Уашев те қатты қуа­нулы. Денсаулығы дімкәс жан биыл Сарыағаш шипажайына жету үшін көп мехнат көріпті. Нет­кен рақат, дейді миығынан күліп.

Барлық талаптарға сай жаб­дық­талған 50 орындық «Сирд­жей-200» ұшағы Шымкент қала­сына аптасына екі рет қаты­найды. Билеттің бағасы – 20 мың теңге. Жүрдек пойыз «Таль­гоға» қарағанда арзан. Екін­шіден, аралық уақыт 9 есеге дейін қысқарады. Бүгін ұшақ лық толы. Соған қарағанда, үміт ақталады деген сенім басым. Өйткені, «Сер­пін»-2050» бағдарламасы бойынша оңтүс­тік жақтардан жастар көп оқи­ды. Оның үстіне, ішкі көші-қон үдерісін реттеу жөніндегі Үкімет бағдарламасына орай көшіп келу­шілер де, сонымен бірге демалушы­лар қатары да қалың. Осы жайттар жан-жақты ескерілген, дейді меке­менің директоры Марат Хасенов.

Жолаушыларға «Скат» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы