Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Санадағы серпіліс

306 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ма­қаласы көпшіліктің көң­ілі­нен шықты. Елбасы бұл ма­қ­аласында бұрын жа­рия­­ланған саяси және эко­но­микалық рефор­ма­лар­ға қосымша елімізді ру­х­а­ни жаңғыртудың біре­гей бағдарламасын ұсынды.

Санадағы серпіліс

Бұл − хал­қымыздың рухани дамуына жол көрсететін нақты бағдар екеніне кү­мән жоқ. Мақаланы оқып отырып «праг­матизм» деген сөзге тоқталып, пі­кір қосуды жөн көріп отырмын. Праг­ма­тизм деген сөзге мән берсек «нақты іс-әрекет» дегенді білдіретіні белгілі. Мақалада келтірілген толғамды идеялармен таныса отырып, прагматизмнің «төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына» қатысты екенін ұғамыз. Елбасының еңбегінде «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптау­рын болған қасаң қағидаларды өз­гер­тпейінше, біздің толыққанды жаң­ғы­руымыз мүмкін емес. Төл тари­хы­мыз­ға, бабаларымыздың өмір салты­на бір сәт үңіліп көрсек, шынайы праг­ма­ти­змнің талай жарқын үлгілерін та­бу­ға болады...

Прагматизм – өзіңнің ұлттық жә­не жеке байлығыңды нақты білу, оны үнем­ді пайдаланып, соған сәй­кес бо­лашағыңды жоспарлай алу, ысы­рап­­шылдық пен астамшылыққа, даң­ғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мә­дениеттің белгісі – орынсыз сән-салт­а­нат емес. Керісінше, ұстамдылық, қа­на­ғатшылдық пен қарапайымдылық, үнем­шілдік пен орынды пайдалану көр­генділікті көрсетеді.

Нақты мақсатқа жетуге, білім алу­ға, саламатты өмір салтын ұстануға, кә­сіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтым­ды пайдалану – мінез-құлықтың праг­матизмі деген осы.

Бұл − заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақ­сатты түрде ұмтылмаса, ертең іске ас­пақ түгілі, елді құрдымға бастайтын по­пулистік идео­логиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлт­тар­дың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақы­ры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм жә­­не либерализм біздің көз алдымызда күйреді.

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, тү­сінікті және болашаққа жіті көз тік­кен бағдарлар керек. Адамның да, тұ­тас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін кө­з­дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бо­ла алады. Ең бас­тысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ес­керуі тиіс.

Яғни, реализм мен праг­матизм ғана таяу он­жыл­дық­тар­дың ұраны болуға жарайды», делінген. Сөйтіп, Көш­басшымыз қазіргі дү­ние­­танымның өз­ге­руі­не бай­­ланысты оған праг­матикалық тұр­ғы­дан қарау керектігіне көңіл ау­да­ра­ды. Сондықтан, оны басты бағ­да­ры­­мызд­ың бірі ретінде қабылдап, қа­зір­гі заман талабына сай қолға алынған экономика және саяси реформаларымен қатар, рухани дүниемізді байыту, ата-баба дәстүрін сақтау, әркімнің ту­ған жеріне көңіл бөлу, патриоттық се­зімді тереңдету сияқты ұсыныстары кө­ңілден шығып, санамызды сергіте түс­ті. Жаңа дәуір бізге жаңа талаптар мен мақсат-мүдделер жүктеп отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың тартымды, ойлы мақаласын оқып отырып елі­міздің жаңа тарихи кезеңге аяқ бас­­қанын ұғып, оны алға алып бару үшін рухани болмысты барынша мық­ты етіп қалыптастырып, ұлттық са­на мен рухты әр ойлы азаматтың бойы­на сіңірсек қана іске асатынына қосы­ла­сың. Жастар өмірге шынайы көзбен қа­рап, өз тағдырларына өздері иелік ету­ге талпынуы керек-ақ. Ол үшін олар бі­лімді, саналы, мәдениетті, ұлтжанды бо­л­уы шарт. Аяқтан шалатын кереғар пи­ғылдан арылғаны жөн.

Әр аймақта діни басқармалар, бас имамдар, жергілікті мешіт қыз­мет­кер­лері бар. Олар неге осы мәселелерге жөн­ді көңіл аудармайды? Егер олардың әрқайсысы жергілікті халыққа орынды талап-тілектерді жеткізіп, көпшілікті теріс, керексіз дәстүрлерден тазартып отырса несі артық?

Өркениет көшіне ілескен елі­міз­дің Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ Назарбаев өз мақаласында көп­тің ойын­да жүрген мәселелерді дөп қоз­ғап, халқымыздың баянды бір­лігі арқасында жаңа жетістіктерге же­ту, жаңа деңгейге көте­рілу жолын бағдарлап берді. Елбасы­ның «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты кең көлемді салиқалы, салмақты мақа­ла­сы көптің көңіліне қонып, жүрекке же­те­ріне сеніміміз мол.

Елбасы бастап берген тереңнен сыр шертер игілікті ұсыныстарды қол­дап, оны өмірге енгізіп, жетілдіруге үн ­қо­сып, іске асырар болсақ, көп нәр­се­ден ұтылмаймыз, керісінше ұта­мыз, қа­зақ халқының көк туын жаңа би­іктерден көретін боламыз.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор

Тараз