Қазақстан • 09 Маусым, 2017

Руханияттың қайнар көзі

1157 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Адамзат баласының барлық даму ке­зеңінде оның өрлеуі, яғни неғұрлым же­тілдірілген сипатта жаңаруы, ілгерілеу қар­қыны негізінен халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты. Ел­дік сананың дамуы алдыңғы сатыдағы аза­маттық қоғамда, сондай-ақ, ағарту жұ­мысы мен тәрбие мәселесі орынды қой­ылған қоғамда әлеуметтік әділдік қарым-қа­тынастар негізінде жетілгеніне тарих беттерінің өзі мысал бола алады. Рухани жа­ңғыру – елдің даму бағытын анықтау, ал ру­ханият – бұл барлық адамгершілік және ру­хани құндылықтардың үндесуі, бұл ұлтты ілгерілететін адамгершілік сана.

Руханияттың қайнар көзі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының өзе­гіндегі ұлттың рухани жаңғыруының бас­талғандығы туралы сөз қозғауы біз үшін тікелей іс-әрекеттің бастамасы бо­лып отыр. Шынында, біздің мемле­ке­­тіміздің бо­ла­шағы айқындалған бұл бағдарламалық құ­жатта жаңа Қазақ­стан­­­ның рухани құн­ды­лықтарының өзегі көрініс тапқан.

Елбасы ұлттық болмысымызды мәң­гі­лік­ке сақтау үшін бірінші кезекте ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық тарихымызды қай­та жаңғыртуға кірісуіміз қажеттігін қа­ра­пайым тілмен жеткізіп берді.

Рухани жаңғыру – ана тілімізді, ұлттық та­рихымызды, төл дәстүрімізді, ата-ба­ба­мыздан жалғасып келе жатқан салт-санамызды, мәдени мұрамызды жан-жақты дамыта отырып, өскелең жастардың бойына терең сіңіру, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету. Бұл бағытта елімізде бұдан бұрын да ауқымды жұмыстар атқарылғаны баршаға белгілі. Айталық, 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылды. Әсіресе, Қазақ хан­дығының 550 жылдығына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында да хал­қымыздың мерейі үстем болды. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлытаудағы сұхбатында» да та­ри­хымызға терең талдау жасап, туған өлке ше­жіресін тануға шақырған болатын.

Бүгінгі таңда өзінің рухани құнды­лық­та­ры әбден қалыптасқан, туған жері мен елін сүйетін, айнала қоршаған ортасымен үн­дестікте өмір сүретін, жан-жақты да­мы­ған рухани тұлғаны тәр­биелеу білім бе­­ру жүйесінің басты мәселесіне айналып отыр. Мақала­да қо­ғам­дық сананың жаң­ғыруы тұрғы­сын­да нақты ұсынылып оты­р­ған мәселе, атап айтқанда «Туған жер» бағ­д­ар­ламасы жалпыұлттық патриотизмнің не­гізі болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Туған жер» жобасын іске асыру үшін білім беру жү­йе­сінде өлкетану жұмысын ұйым­дас­ты­ру­ды тапсырды, соның аясында аймақтың та­ри­хын оқып-үйрену, мәдени-тарихи ес­кер­т­кіш­терді және жергілікті жердегі мәдени ны­сандарды қалпына келтіру мәселелері қамтылды.

Жоба идеясы руханияты мен азамат­тық позициясы жоғары, әлеуметтік жауап­кер­шілігі мықты, қазақ қоғамының мүддесі үшін еңбек ететін, елжандылық рухта қ­а­лып­тасқан өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ба­­ғытталған.

Бұл бағытты іске асыруда орта және жо­­ғ­ары білім беру жүйесі айрықша рөл атқарады. І.Жансүгіров атындағы Же­тісу мемлекеттік университетінде көп жыл­дар­дан бері осы бағытта жұмыстар ат­қа­ры­лып келеді. Мәселен, «Мәңгілік Ел» ғы­л­ыми білім беру орталығы негізінде «Рухани жаңғыру» үйлестіру жобалық офисі құрылды. Оның мақсаты Елбасының бел­гілеп берген алты бағытты қадағалап, он­дағы міндеттерді жүзеге асыру барысын­да мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мә­дени-рухани құндылықтарға негіз­дел­ген, мем­лекет құрушы қазақ халқы мен өзге де этностардың арман-аңсарын бір ар­наға то­ғыстыратын идеология арқылы қа­лып­тас­тыратын Қазақ мемлекеті.

Университет ғалымдары, студенттері мен магистранттары аймақтың тарихы, ар­­хе­ологиясы және этнографиясы бойын­ша өлкетану жұмыстарын жүргізуде. Сту­денттер жыл сайын Алматы облысы терри­то­рия­сы бойынша археологиялық қазба жұ­мыстарына қатысады. Болашақ тарихшы­лар «Тарихи өлкетану», «Жетісу тарихы» пән­дерін оқиды. «География», «Экология», «Биология» және «Туризм» мамандықтары бой­ынша білім алушы шәкірттеріміз та­би­ғат байлығын оңтайлы пайдалану, кор­шаған ортаның мониторингісін білу, аймақ­тың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әле­мін зерт­теу, танып-білу, ауа райының ай­мақ­тық ерекшелігін тану мақсатында оқу іс-тәжірибесінен өтеді.

Мемлекет басшысы жастарды патриотизм, отансүйгіштік рухында тәрбиелеуді күшейту мақсатында «Туған жер» тарауында кіндік қанымыз тамған жеріміздің, еліміздің тарихына баса көңіл аудару керектігін айтады. «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар», дей келе білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсарту және елді мекендерді абаттандыру, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Қазіргі таңда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Пре­зи­дентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бо­й­ынша іс-шаралар жоспары» әзірленді, гу­ма­нитарлық білімдердің өзекті мәселелері ай­қындалды. «Мәңгілік Ел», «Рухани жаң­ғыру» оқу бағдарламалары мен оқу құ­ралдары дайындалуда.

Жоспарда ғылыми-өлкетану бағы­тын­да атқарылатын ауқымды жұмыс­тар қа­рас­ты­рыл­ған. Олар: «Талдықорған өңі­рінің та­ным­дық туристік бағыттары» атты моно­графия, үш тілдегі «Қазақ фи­ло­софия­сы» оқулығы, «Жетісу тари­хы» ат­ты оқу құралын, «Алматы об­лы­сының бі­ре­гей табиғи, тарихи жә­не мәдени ес­керткіштері» каталогін, «Жеті­су­­дың ки­елі жерлері» саяхатшының жол көр­сет­кішін (үш тілде), аймақтың киелі-гео­графиялық картасын әзірлеп, баспадан шығару. Одан басқа, Талдықорған – Жамбыл Жабаев музейі – Сүйінбай Аро­нұлы мавзолейі – «Аңырақай шай­қасы» стелласы – «Таңбалы» музей қорығы – Ш.Уәлиханов мемориалдық кешені – Балқаш – Алакөл ойпаты және тағы басқа маңызды сапарлар мен іс-шаралар қарастырылған. Жетісулық жастардың ұлт­­тық санасын қалыптастыру, жетілдіру мақ­­сатында «Менің елім – Қазақстан!» пат­ри­оттық акциясын өткізуді де жоспарлап отырмыз.

Алматы облысының колледжі мен мектептерінде «Жетісу тарихы» пәнін оқу үдерісіне енгізудің де қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, Жетісу өлкесінің тарихы мен мәдениеті жайлы жүйелі түрде тақырыптық-танымдық экскурсия, экспедиция, олимпиада, викториналар өткізіп, білім орындарында Жетісу өлкесінен шыққан мемлекет және саяси қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, соғыс және еңбек ардагерлері, өнер мен мәдениет қызметкерлері, спортшылар және т.б. танымал адамдармен кездесу ұйымдастырып, туған өлкесінің рухани құндылықтарын дәріптеу арқылы олардың Алматы облысы ғана емес, жалпы мемлекеттің гүлденуіне лайықты үлес қосып жатқандықтарын на­сихат­тауымыз да болашақ ұрпақтың өз туған жеріне деген құрметін арттырары сөзсіз.

Халқымыздың көп жылғы тарихы отан­шылдық рухсыз мықты державаны құ­ру және жастардың санасында аза­мат­т­ық парыз бен заңға деген құрметті қа­лыптастыру мүмкін еместігін дәлелдейді. Сондықтан, да патриоттық тәрбие барлық жерде және бар­лық уақытта бүкіл қоғамды нығайтудың фак­торына, еліміздің рухани, саяси және эко­номикалық жаңғыруына, мемлекеттің тұ­тастығы мен қауіпсіздігіне негіз болады.

Жаһандану дәуірінде, ғылым мен тех­ни­каның, коммуникациялық құрал­дар­дың бі­лім беру және ғылым саласының даму ерек­шеліктеріне сәйкес болуы үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы жылдарда жүзеге асыруды қажет ететін бір­не­ше жобаның қа­тарында қазақ тілін бір­тін­деп латын әл­іп­­биіне көшіруді атап өтті. Елбасының 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тас­қан жаңа мем­ле­кеттің саяси ба­ғы­ты» атты Жол­дауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліп­биі­мізді латын қарпіне, латын әліпбиіне кө­шіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып ше­шуге тиіс принципті мәселе» екендігін алға қойған. Сондықтан, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар – бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бас­тау үшін, дайындықты қазірден бастау қа­жеттілігі туындап отыр. Қазақ тілін латын әліп­биіне көшірудің бірнеше қажеттілігі бар. Біріншіден, еліміз әлемнің дамыған бә­секеге қабілетті елдерінің қатарынан табы­луы үшін басқа озық мемлекеттермен бір­лесе түсуі қажет. Ол, әрине, көбінесе, ағыл­шын тілінде жүзеге асырылады. Ал ағыл­шын тілін меңгеруде латын әліпбиі өзіндік септігін тигізбек. Екіншіден, мемлекет бола­шағы – өскелең ұрпақ деп білсек, сол жас­тардың ағылшын тілі мен интернет тілін же­тік игеруіне де ықпал етпек. Үшіншіден, латын әліпбиі – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жаңғыртуға жағдай жасайды. Со­нымен қатар, терминология саласының өзекті мәселелерін де шешуге де ықпал етеді. Ғылымның әр саласы бойынша бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Әсіресе, медицина, техника саласындағы терминдерді қазақ тіліне аударуда бірқатар түсінбеушіліктер орын алып жатады. Ал латын әліпбиін мең­­ге­р­г­ен сала мамандарына да, қарапай­ым жұр­тшылыққа да түпнұсқаны пайдалану оңай болады.

Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюы мен да­муының басты шарттарының бірі – жас­тардың отаншылдық көзқарасының қа­лыптасуы. Елбасы: «Қазақстанда тұра­тын әрбір азамат өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болаша­ғы­на сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері бас­пайды» деген болатын. Біздің тарихымыз өте бай. Бүгінгі күні төл тари­хымызды оқытудың басты міндеті – жас­тарды ада­м­заттың өткен тарихымен та­ныстыру, дү­ниежүзілік мәдениеттің бас­ты-басты же­­тістіктерімен сусындату, өт­кен тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағ­­дарлайтын, шығар­ма­­шылықпен ойлана оты­­рып, олардан дұ­рыс қорытынды жасай ала­тын, тарихи де­ректермен өздігінше жұ­мыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып оты­ра­тын азамат тәрбиелеу.

Елбасы сананың ашықтығы мәселесіне де мақалада баса назар аударады. Ұлттық сана-сезім деген туған-туысыңның, ағайы­ны­ң­ның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ой­лау деген сөз. Ең алдымен жастар бойы­на ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас қазақ­стандық ұлтжанды азамат болуы тиіс. Елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлап, Қазақ халқының өткені мен бү­гінін таразыға сала отырып, келешегіне отан­шыл­дық туын арқау еткен жандары таза жас­тар болуы керек. Сонда олар мемлекеттің тұтқасын берік ұстайтын болады. Мемлекет басшысы қазақтың қанына сіңген жершілдік, рушылдық мәселесін де сынға алуды ұмыт­пайды. Қазақ елі бір­тұтас, ұлттық біре­гейлікті мәңгілік сақ­тау үшін мұндай тәу­елсіздігімізге көлеңкесін түсіретін керітарт­па пиғылдан арылуы тиіс. Оның есесін егемен еліміздің гүлденіп, өрлеуіне елеулі үлес қосқан азаматтардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы мәртебесін көтеруді ұсынды. Осы бағытты зерделей оты­рып, біз, «Жүзден жүйрік» атауымен энциклопедия шығаруды көздеп отырмыз. Бұл энциклопедияға Жетісу жеріне танымал тұлғалар енетін болады.

Ел Президентінің «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ла­сында көтерілген мәселелер Қазақ­стан­ның бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қа­тарына енуге бағытталған инфра­құ­ры­лымдық және саяси саладағы келбетін ай­­шықтай түсетін, жеңіс тұғырына же­те­лейтін Ұлттық жоспарының тағы бір айтулы көрінісі екені айдан анық. Қазақстан халқы «Мәңгілік Ел» идеясы ба­­ғы­тында жоспарланған жұмыстарды мұқият жүзеге асыра отырып, татулық пен бірлік идеясын берік ұстанып, Тәу­ел­сіз­діктің туын әрдайым биіктерде жел­бі­ре­теді деп сенемін.

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор