31 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының қаулысы № 18

407 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін
Алматы қаласы          2011 жылғы 28 ақпан     № 18 Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Осы қаулының мақсаттары үшін Қазақ­стан Республикасы Қаржы нарығын және қар­жы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөнін­дегі құжатта­масын жүргізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмі­рімен тіркелген) 2007 жыл­ғы 23 ақпандағы № 49 қаулысында айқындалған ұғымдар пайдаланылады деп бекітілсін. 2. Екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банкі және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік заем опера­цияла­рын жүзеге асыру құқығына лицен­зиясы бар, банктің жекелеген операцияларын жүзеге асы­ра­тын ұйымдар (бұдан әрі - банк) жаса­сатын банктік заем шарты (бұдан әрі – шарт) шарт­тард­ың тиісті түріне арналған Қазақстан Рес­публикасының заңнамасымен бекітілген талаптардан, тараптардың келісуі бойынша айқын­далған талаптардан, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптардан тұрады: 1) шарттың жалпы талаптары; 2) заемшының құқықтары; 3) банктің құқықтары; 4) банктің міндеттері; 5) банк үшін шектеулер; 6) міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптардың жауаптылығы; 7) шарт талаптарына өзгерістер енгізудің тәртібі; 8) синдицилденген банктік займ беру кезінде - әр қатысушы синдикат-банктің заемда қатысу сомасы мен үлесі, оның ішінде заем­шының төлем қабілетсіздігі жағдайында син­ди­кат­тың әр қатысушысы үшін ықтимал шығын­дардың үлесін бөле отырып; 9) ислам банкінің банктік займ беру кезінде - Банктер туралы Заңның 52-8, 52-9, 52-10-бап­тарында көрсетілген талаптар; 10) ипотекалық тұрғын үй займы бойынша жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің құқы туралы талаптар, міндет­теменің орындал­мағаны туралы хабарламаны қолға берген немесе тапсы­рысты хатпен жіберген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күннің ішінде ипотека­лық шарт тіркелген органда тіркелген ипо­теканы сот тәртібінен тыс өткізуден жазбаша бас тартуды ұсыну. 3. Шарттың жалпы талаптары: 1) шарт жасасқан күн; 2) банктік заемның мақсаты (бұдан әрі - заем), бір айдан аспайтын мерзімге берілген заем­ды, кредиттік желі аясында төлем кар­точка­лары бойынша берілген шарттарды, овер­драфт кредитін, сондай-ақ оның аясында займ алу үшін займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімді қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе заем­ның техника-эконо­микалық негiздемесiне жә­не (немесе) заем­шының өтінішіне сәйкес келеді; 3) заемның жалпы сомасы және валютасы; 4) заемның мерзімі; 5) сыйақы ставкасының түрі (тіркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлше­рі жылдық пайызбен, шартты жасау күніне Агенттік Басқармасының «Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпа­ратты тарату кезіндегі сыйақы мөл­шерле­месінің деңгейін есептеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4893 нөмі­рімен тіркелген) 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қау­лысына сәйкес сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының мөлшері; 6) шартта құбылмалы сыйақы ставкасы көзделген болса, құбылмалы сыйақы став­касын есептеу тәртібі; 7) ислам банкінің коммерциялық кредитті беруі кезіндегі үстеме бағасының түрі (тіркелген немесе тауарды сатып алу бағасының пайыздық мәнімен); 8) өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз); 9) заемды өтеу әдісі: аннуитеттік (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа тәсілмен; 10) заем бойынша берешекті өтеу кезектілігі; 11) уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Жеке тұлғаға заем беру кезінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсім­пұл­дың) шекті мөлшері, сондай-ақ Банктер туралы заңда көзделген есептеу тәртібі көрсетіледі; 12) комиссиялардың толық тізбесі және олар­дың заем беруге байланысты алынуға жата­тын мөлшері; 13) заемды өтеудің және сыйақының тәрті­бі (касса арқылы, банктік шотқа қашықтатылған терминал арқылы және басқалар тараптардың келісімі бойынша), кезеңділігі; 14) қамтамасыз етусіз берілген заемды қоспағанда, қамтама­сыз ету (түрі: кепіл, тұрақ­­сыздық айыбы, кепілдік, кепілдеме, ұстап қалу және өзге түрлері); 15) заемшының шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше тәсілмен орындамаған жағдайда банк қабылдайтын шаралар; 16) шарттың қолданылу мерзімі; 17) заемшы - заңды тұлғаның банкке ұсынатын есебінің түрлері мен мерзімдері; 18) заемшының (тең заемшының) ол туралы мәліметтерді кредиттік бюроға беруге және кредиттік бюроның ол туралы банкке кредиттік есеп беруге келісімінің, сондай-ақ тарап­тардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттың болуын көрсету; 19) банктің пошталық мекен-жайы мен электрондық адресі туралы ақпарат, сондай-ақ оның ресми интернет – ресурсы туралы деректер. 4. Мүмкіндіктерді көздейтін заемшының құқықтары мынадай шарттардан тұрады: 1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сатып алуға заем алған жеке тұлғаның шарт жасасқан күннен бастап күнтіз­белік он төрт күн ішінде заемды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусіз, банктің заем берген күннен бастап есептеген сыйақы төлемін және заемды қайтару; 2) егер негізгі борышты немесе сый­ақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түсетін болса, онда заемшы тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусіз, сыйақы­ны немесе негізгі борышты төлеуді одан кейінгі жұмыс күні жүргізеді; 3) өтініш бойынша үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ақысыз, айына бір рет шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезекті қара­жаттың таралуы (негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айып­пұлдар және басқа да төлеуге жататын сомалар) туралы жазбаша ақпаратты алу; 4) шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мезгілінен бұрын банкке қайтару туралы өтініш бойынша – ақысыз, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде негізгі бо­рыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айы-бы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көрсетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде алу; 5) заем алған күннен бастап бір жыл өткен соң, тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкцияларын төлеусіз, заемды ішінара немесе толық көлемде мезгілінен бұрын өтеу; 6) қызмет көрсету бойынша даулы жағдай­лар туындаған кезде банкке жазбаша өтініш жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында бекітілген мерзімде жауапты алу. 5. Мүмкіндіктерді көздейтін банктің құ­қықтары мынадай шарттардан тұрады: 1) заемшының жағдайын жақсарту мақса­тында шарт талаптарын бір жақты тәртіппен өзгерту; 2) күнтізбелік қырық күннен аса заемның кезекті бөлігі мен (немесе) сыйақы төлемін қайтару үшін бекітілген мерзімді бұзған кезде заем сомасын және ол бойынша сыйақыны мезгілінен бұрын қайтаруды талап ету. 6. Талаптарды көздейтін банктің міндеттері мынадай шарттардан тұрады: 1) тұрақсыздық айыбын және басқа айып­пұл санкцияларын ұстап қалмай, заем берген күннен бастап есептелген сыйақыны қоса оты­рып, осы қаулының 4-тармағының 1) тармақша­сында көзделген заемды шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылдау; 2) шарт бойынша борышты өтеуге түскен кезекті ақшаның таралуы (негізгі борыш, сыйа­қы, комиссиялар, тұрақсыздық айы­бы, айыппұл­дар және басқа да төлеуге жататын сомалар) туралы ақпаратты жазбаша түрде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына бір рет ақысыз заемшының өтініші бойынша ұсыну; 3) шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе ішінара мезгілінен бұрын қайтару туралы заемшының өтініші бойынша – негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақ­сыздық айы­­бы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жата­тын сомаларға бөлінген, мерзімі өткен төлемдер көр­сетілген қайтарылатын соманың мөлшері туралы мәліметті оған ақысыз, үш жұмыс күні­нен аспайтын мерзімде, жазбаша нысанда хабарлау; 4) заемшыға міндеттемелердің орындалу мерзімінің өткенін және шарт бойынша төлем­дер жасаудың қажеттігі туралы шартта көздел­ген мерзімде және тәсілмен хабарлауға. Шартта тараптардың келісуі бойынша кезекті төлем күнін хабарлаудың мерзімі мен тәсілі көзделуі мүмкін; 5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiш­терiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен бекітілген мерзімде заемшының жазбаша өтіні­шін қарауға және оған жазбаша жауап әзірлеу; 6) шарт бойынша (талап ету) құқықтарын үшінші тұлғаға беру кезінде (егер құқықты беру шартта көзделген болса) берілген талап ету құ­қықтарын толық көлемде, негізгі борыш, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұлдар және басқа да төлеуге жататын сомаларға бөле отырып, ағымдағы және мерзімі өткен берешектің қалдығын, сондай-ақ, талап ету құқы берілген банкке немесе тұлғаға заемды өтеу бойынша одан арғы төлемдерді тағайындау тәртібін үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға. 7. Тыйым салуды көздейтін банкке қойыл­ған шектеулер мынадай шарттардан тұрады: 1) заемға қызмет көрсету бойынша заем­шы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен бас­қа да шығыстардың ставкасын және есептеу тәр­ті­бін бір жақты тәртіпте өсіру жағына өзгертуге; 2) жасалған шарт аясында комис­сияның жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізуге; 3) заем беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса заемшыны, кепіл берушіні сақ­тандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таң­дау кезінде шектеуге, сондай-ақ заемшыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеуге; 4) мына жағдайларды қоспағанда, жасал­ған шарт аясында бір жақты тәртіппен жаңа заемдарды беруді тоқта тұруға: банктің шартта көзделген жаңа заемдар беруді жүзеге асырмау құқы туындаған кезде; заемшы шарт бойынша банк ал­дындағы өз міндеттемелерін орында­маған кезде; Қазақстан Республикасы Қаржы нары­ғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйе­лерінің болуына қойылатын талаптар жөнін­дегі Нұсқаулық­ты бекіту және Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадаға­лау агенттігі Басқар­масының «Қаржы нары­ғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәсе­лелері бойынша Қазақстан Рес­публи­касының кейбір нормативтік құқық­тық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген) 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйым­дарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарма­сының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақ­стан Республика­сының кейбір нормативтік құқық­тық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулы­сына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжат­тама­сын жүргі­зу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмірімен тіркелген) 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қау­лысына сәйкес банк жүргізген монито­рингтің нәти­жесі бойынша анықталған заемшының қаржылық жағдайының нашарлауы; 5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күніне бекітілген сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен өсіру жағына өзгерту: шартпен көзделген жағдайларда, заем­шы­ның заем алу және заемға қызмет көрсе­тумен байланысты шынайы ақпараттарды ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы; Қазақстан Республикасының Азамат­тық кодексімен көздел­ген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мына жағ­дайларда банктің міндеттемелерді мезгілінен бұрын орын­дауды талап етуге құқының пайда болуы: банкке алдын ала жазбаша ескертусіз, жиынтығында акционерлік қоғам (шаруа­шылық серіктестік) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесі) иеленетін заемшының қа­тысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі; заемшымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойыл­ған мүліктің мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау шарттарының орында­луын құжат бойынша және нақты тексеруге, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заемшы (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талаптар қоюы кепіл ұстаушы болып табы­латын банктің құқын бұзуы; 6) заем алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борыш мезгілінен бұрын толық өтел­ген немесе ішінара мезгілінен бұрын өтелген жағдайларды қоспағанда, заемды мезгілінен бұрын өте­гені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санк­цияларының басқа түрлерін өндіріп алу; 7) егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні дема­лыс не мереке күніне түскен болса және заемшы сыйақыны немесе негізгі бо­рышты төлеуді одан кейінгі жұмыс күні жүргіз­ген жағдайда тұрақсыздық айыбын және басқа айыппұл санкция­ларын өндіріп алу. 8. Ипотекалық тұрғын үй займы шар­тын және жеке тұлғамен шартты жасасқанға дейін банк міндетті түрде заемшыға (тең заем­шыға) заемды өтеу әдісін таңдау үшін таны­суға бір кезең­ділікпен, сараланған төлем­дер тәсілімен және аннуитеттік төлем­дер тәсілімен есептелген заемды өтеу кесте­лерінің жобаларын береді, бұл ретте банк банктің ішкі ережелеріне сәйкес сол кезең­ділікпен, тәсілдермен есептелген заемды өтеу кестесінің қосымша жобаларын ұсынуы мүмкін. 9. Шартпен бірге тараптардың қолдары қойылған займды өтеу кестесі беріледі, онда шарттың нөмірі мен жасалған күні, кредит сомасы мен валютасы, өтеу күндері және негізгі борышты өтеу, сыйақы сомалары және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері, келесі өтеу кү­ніндегі негізгі борыш қалдықтары, сондай-ақ төленуі тиіс кредит пен сыйақының жиын­тық сомалары және олардың жиынтық мәні, кредитті өтеу кестесі жасалған күн көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі банктік заем шарты бойынша кредитті өтеу кестесі кредиттің берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және кредит беру туралы шартта белгіленген тәртіпте заемшыға (тең заемшы­ға) мәлімет үшін жеткізіледі. Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болған жағдайда кредит беру күніне жасал­ған кредитті өтеу кестесінде сондай-ақ заем­шының (тең заемшының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады. Кредиттің кредитті өтеу кестесін өзгер­туге алып келетін та­лап­тары өзгерген кезде жаңа талаптар ескерілген жаңа кесте жасалады. 8-тармақтың және осы тармақтың талаптары бір айдан аспайтын мерзімге займ беру туралы шартқа, кредиттік желі аясында төлем карточкасы бойынша берілген шартқа, овердрафт кредитін, сондай-ақ оның аясында займ алу үшін займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімдерге қолданылмайды. 10. Кредит беру туралы шарт қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдай­да мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдерде жасалады, «Тimеs New Rоmаn» шрифтінің мөлшері 12-ден кем емес, жол аралығы жалқы және абзац шегінісін қолдана отырып. Жеке тұлғалар үшін осы қаулының 3-тар­мағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген талаптар шарттың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ресімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тар­мағының 13), 14), 15), 16)  тармақшалары және 2-тармағының 6) тармақ­шасы тікелей олардан кейін көрсетіледі. Заңды тұлғалар үшін осы қаулының 3-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген талаптар шарт­тың алғашқы екі бетінде (немесе шарт бір уақытта екі тілде ре­сімделетін болса парақты екі бағанға бөле отырып, алғашқы төрт бетте), 3-тармағының 2), 13), 14), 15), 16) тармақшалары жә­не 2-тар­мағының 6) тармақ­шасы тікелей олардан кейін көрсетіледі. 11. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжатта­масын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Респуб­ликасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орган­дарының актілер жинағы, 2007 жылғы наурыз – сәуір, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 62 (1265) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде: 1-тармақтың 3) тармақшасында «кредит беру туралы шарт» деген сөздер «(банктік заем шарт)» деген сөздермен толықты­рылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кредит беру, кепіл, талап ету құ­қықтарын беру немесе кредит бойынша бо­рышты аудару туралы шарттардың түпнұсқа­ларына, оларға қосым­ша келісімдерге және банк банктің уәкілетті органы бекіткен шарт­тың үлгілік нысанын қолданусыз не банктің уәкілетті органы бекітусіз осындай үлгілік ны­санды өзгертумен кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен бай­ланысты жаса­сатын шарттардың түпнұс­қа­ла­рына (бұдан әрі – шарттардың түпнұс­қалары) банктің заң қызметі басшысының (банк­тің филиалында – банк филиалының заңгерінің) қолы қойылады және тарап­тардың қолы қойылады және заемшы - заңды тұлғаның және банктің мөрімен расталады.»; 3-1 және 3-2-тармақтар алып тасталсын; 9-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: «9) кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банк­тің ішкі құжат­тарында бекітілген тәртіп­те және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиіс); 10) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімінің көшірмесі (оның түпнұсқасы банк­тің ішкі құжаттарында бекітілген тәртіп­те және шарттармен банк қоймасында сақталуы тиіс).». 12.  Осы қаулы алғашқы ресми жария­лан­ған күннен екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төрайым          Е. БАХМУТОВА. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 11 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6877 болып енгізілді.