27 Мамыр, 2011

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңа ұсынысы

421 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Көктем – сан алуан үміттер мезгілі, бұл кезеңде көп адамдар өз арманын орындауға немесе ең болмаса жақындатуға талаптанады. Өз үйіңіз немесе пәтеріңізді сатып алу үшін, әрине, көп қаражат керек екені анық, дегенмен, өз баспа­наңыз­ды сатып алуға алғашқы қадам жасау үшін ақша жинауды қа­зір­ден бастаған абзал. Сол үшін арнайы өз клиенттеріне «Қазақ­станның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құры­лыс жинақ шартын жасау ко­мис­сиясын біршама арзандату­ды көздеп, сәуірдің 1-нен ма­мыр­дың 31-і аралығында өтетін «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясын ұсынып отыр. Осы акцияның арқасында банк клиенті өз қаражатын үнемдей отырып, тиімді пайдалана алады. Пәтер сатып алу – қымбатқа түсетін салым болғандықтан, адамдардың көпшілігі оған әдетте банктен жинақ шотын ашып, алдын-ала дайындалады. Сенімді банкте қор жинау – көңілге қонымды іс, тек тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссия төлеу керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ нарығының  жетекші операторы болып табылатын «Қазақстан­ның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз клиенттеріне «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясы аясында жеңілдіктер жүйесін қарастырып, біршама қолайлы жағдай жасап отыр. Осы акция арқылы екіойлы бо­лып жүргендердің «Қазақстан­ның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» таңдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, акция кезінде шартты өзіңізге ғана емес, отбасы мүшесіне де жасауға болады. Бұл жағдайда бастапқы шарт комиссиясы толығымен, келесі шарттар комиссия алы­мына 50 пайыз жеңілдікпен төленеді, алайда, екінші тұрғын үй құрылыс жинақ шартының сомасы алғашқы шарт бойынша шарттық сомадан екі еседен артық болмауы тиіс. Акция ая­сында клиенттердің жұбайлары, ата-аналары мен балалары отба­сы мүшесі ретінде танылады. Бұл акцияға қатысу арқылы Банк клиенті қаражатын екі рет үнемдейді. Біріншіден, ол тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау кезінде аз қаражат жұмсайды. Банктің әдеттегі тарифтері кезінде комиссия мөлшерлі шарттық соманың 0,5 пайызын құрайды. Алайда, акцияға қатысушылар үшін комиссиялық тарифтер жар­тылай төмендетіледі. Сонымен, 1 миллион теңгеге шарт жасай отырып, клиент шарт үшін небәрі 2500 теңге төлесе, 5 миллион теңге сомасындағы шарт 12500 теңгеге шығып,  10 миллион теңге сома­сындағы шарт 25 мың теңгеге дейін арзандайды. Әрине, бұл отбасы бюджеті үшін едәуір үнем! «Жеңілдікпен» шарт жасау – жақын адамдар үшін көктемгі сыйлық әрі келешек шаңырақтың алғашқы іргетасы. Сонымен қатар акция талап­та­ры 2008-2010 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасын­дағы тұрғын үй құрылысы бағ­дарламасының қатысушыларына да қолданылады. Екіншіден, салымшы тұрғын үй заемын рәсімдеу кезінде өз қаражатын үнемдейді, себебі, одан кредиттік өтінімді қарасты­ру мен заем беруді ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды. Бұл да, әрине, жанға жағымды нәрсе!  «Екінші шарт – екі есе арзан» акциясы Банк салымшыларының бүкіл санаты үшін де өте тиімді, әсіресе, үлкен өмірге енді қадам басқалы отырған жастар үшін үлкен көмегін тигізеді. Астана­лық компаниялардың бірінде қызмет ететін Ерлан былай дейді: «Мен қазір тату-тәтті отбасын­да ата-анаммен бірге өмір сүріп жа­тырмын, алайда, қазірдің өзін­де жеке үйім туралы ойла­нып жүр­мін, уақыт зымырап өтіп жатыр, отау құрсам, өз ша­ңырағымның болғаны дұрыс... «Екінші шарт – екі есе арзан» акциясын анамнан ести салып, екеуміз дереу «Қа­зақ­станның Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкіне» барып, атал­мыш жеңіл­дік­терді пайдалана отырып, жинақ шоттарын ашып қойдық. – Мемлекетімізге ризамыз, шү­кір, зейнетақымызды уақы­ты­нда төлейді, балала­ры­мызға көмектесуге мүмкін­дік бар, – деп бұрынғы атақты бағбан, қазіргі зиялы зейнеткер Амангелді ата да жақсы пікірлерімен бөлісіп жатыр. – Қы­зым был­тыр институтқа түсті, мен оған «Қазақстанның Тұр­ғын үй құ­рылыс жинақ банкінен» жинақ шотын ашып қой­дым. Оқуын бітірген соң өз пәтері болады, маған әлі алғысын айтады ғой. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұйым­дастырып отырған «Екінші шарт – екі есе арзан» атты ак­ция­сы Банктің жалғыз ғана ша­расы емес, Банк өз клиенттеріне қолайлы әрі сенімді жағдай қалыптастыру үшін әрдайым қыз­мет етіп келеді. «Қазақстан­ның Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің» жаңа акциясы Қазақ­станда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін кеңі­нен тара­тып, қазақстандық­тар­ды қолай­лы әрі сенімді банк өнімдерін пайдалануға ынта­лан­дыруға ар­налған. Қосымша ақпаратты «Қа­зақ­станның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықор­ған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкше­тау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz Айнаш ЕСАЛИ.