15 Қараша, 2016

«Азаматтарға арналған үкімет» жемқорлыққа қарсы күреседі

314 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Осыдан жарты жыл бұрын құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті шеңберінде сервисті жетілдіруге бағытталған қанатқақты жобалар әзірленіп, олар іске асырылды. Бұл азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерді алудағы әкімшілік кедергілерді азайтып, рәсімдерді кемітудің нәтижесінде мүмкін болды. Осы жобаларды жүзеге асыру, қызметтерді пайдаланушылардың пікірі бойынша, оң нәтиже берді. Аталған мемлекеттік корпорация енді осы оң нәтижелерді құжат түрінде бекіту үшін орталық мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне өзгерістер енгізуді ұсынуда. Корпорация жұмысын тиім­ді ұйымдастыру нәтижесін­де сы­байлас жемқорлық көрініс­те­рін жедел анықтауға, құқық бұ­зу­­шылықтарды дер кезінде ашу­­ға қол жеткізіліп отыр. Құ­­ры­­лым аясындағы бас­ты нәти­желердің бірі жерге және жыл­жымайтын мүлікке қа­тыс­ты жемқорлықты ашу болып табылады. Жалпы, біз жем­қорлыққа қарсы күрес жариялап отырмыз. Осы күреске белсене қатысатындар да, сондай-ақ, тасада қалып қоятындар да бо­луы әбден ықтимал. Қазіргі таңда өңірлерде атал­­ған мәселеге қатысты орын ал­­ған жағдайды зерделеп, ба­ға бе­ру өте маңызды. Осы орай­­да­ бірінші кезекте Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан об­лыс­тарындағы Жер кадас­т­­ры және жылжымай­тын мү­­лік­­ті тех­никалық бақылау де­пар­­та­менттерін тексеру­ ұсы­­­­ныл­ды. Өкі­нішке қа­рай,­ тексеру ба­рысын­да біз­дің­ қаупіміз рас­тал­ды. Осы облыс­­­­тарды тек­серудің нә­ти­же­сін­де жүйеде көп­теген осал тұс­тар­дың бар екені, ал ние­­ті теріс қыз­мет­кер­лердің осы олқы­­лық­тарды қа­ра бастары­ның қа­мы үшін оң­тайлы пайдаланып отыр­ға­ны анық­талды. Осы үш өңірді тексеру шара­ла­ры алдағы уақытта атқарар жұ­мы­с­ымыздың ауқымын кеңей­тіп, мұндай тексерулерді бас­қа да облыстарда жүргізудің қа­жет­тігін көрсетті. Содан, 15 қыркүйектен бастап барлық облыс­тардағы аталған депар­та­менттерге тексерулер жүргізуді қол­ға алдық. Осы іс-шара биыл­ғы жылдың соңына дейін жал­ғас­пақ. Негізінде, мәліметтер ба­за­­сы­ның әркелкілігіне байла­ны­с­­­ты жер телімдеріне қа­тыс­­­­ты қиындықтар бар. Бұл жағ­­дайды шешудің бір ға­на жо­­лы мәліметтердің бірың­ғай республикалық базасын құ­ру болып табылады. Орта­лық­тандырылған есепке алу жаз­баларын беру мен олар­ды пайдалануды қатаң бақы­лау­ға алудың нәтижесінде Ақ­мола облысында бірқатар кем­­­­шіліктердің беті ашылды. Осы облыста жұмыстан боса­тылған қызметкерлердің мем­­лекеттік жер кадастры ақпар­а­т­тық жүйесіне кіру­і­не шектеу қойылмаған. Шым­кентте де өрес­кел кемшілік­тер­дің беті ашы­лып, мәселенің анық-қаны­ғы­на жету ісі тиісті орын­дарға тап­сырылды. Бір айта кетер жайт, бұл тек­серулердің басты мақсаты – с­аланың түйткілді тұстарын анық­­тау. Мәселелер мен оның түп тамыры белгілі болғанда ға­­на кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туады. Ал бұл түйт­кіл­дерді жүйелі түрде шешу бас­қа мәселе. Тексеру кезінде барлық мәсе­лелерді анықтау үшін келешекте тұрақты түрде жұмыс істейтін 8 (7172) 27-23-14 сенім телефоны орнатылды. Осы телефон нөміріне салаға қатысты департаменттердің қызметтерін пайдалану кезінде кездесетін сыбайлас жемқорлық пен басқа да заң бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Біз бұл күресте орын алған жағ­дайға барынша қатаң баға беруге тырыстық. Қазір мем­ле­кеттiк корпорация орын алған ке­леңсіз жағдайға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарын бекітті. Жұмысқа қабылдауда сыбайлас жемқорлық пен тамыр-та­­ныс­тықтың жолын кесу, кадр мәселесін шешу үдерісіне корпорация қызметкерлерінің ықпал етуіне жол бермеу үшін біз барлық кадр қызметін аут­сор­сингке беруді жоспарлап отырмыз. Қызметкерлерге де, кандидаттарға да қойылар та­лап­тың нақты өлшемдері жа­сал­ды. Қызметкерлерді аттес­тат­тау, жұмысқа қа­был­дау­да­ғы тестілеу, өн­дір­іс­тік көрсеткіштердің же­тіс­тіктері компанияның авто­мат­тан­ды­ры­л­ған жүйесі арқылы жүр­гі­зі­летін болады. Бұл жобаны мем­лекеттік-жеке әріптестік қа­ғи­дасы бойынша жүзеге асыру жос­парлануда. Сыбайлас жемқорлықтың түп тамырына балта шабу үшін бізге әлі көп еңбектенуге тура келеді. Қазірдің өзінде мем­ле­кет­тік корпорацияның қа­зіргі жә­не бұрынғы қыз­мет­кер­ле­рі­нің үстінен 10 қыл­мыстық іс қоз­ғалды. Олардың көпшілігі 2011-2015 жылдары жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты. Алдағы уақытта да тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір заң бұзушылықтар анық­талып жатса, тиісті ықпал ету шара­ларын қолданатын боламыз. Біздің қазіргі міндетіміз – корпорацияның барлық қыз­ме­ті­нің ашықтығын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қар­­­­сы ашық күрес жүргізе оты­­­рып, біз өзімізге қарсы ай­ты­­лар сын-ескертпелердің бо­ла­­тынын да сезініп отырмыз. Бірақ, біз сындарлы сыни на­ра­зылықтар мен ұсыныстар бо­йын­­ша байыпты жұмыс істеу­ге дайынбыз. Айтылар сын жұ­мы­сымыздың тиімділігін арт­тыруға көмектесетініне сенеміз. Данияр ЕРЕНШІНОВ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-тың басқарма төрағасы