15 Қазан, 2016

Лисаковскіде өлтірілген екі баланың анасына қатысты жаңа деректер шықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапованың өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Ол туралы Лисаковск қалалық прокурорының орынбасары Мұрат Оспанов айтты, - деп жазады «Алау». Жергілікті "Акцент" телеарнасына сілтеме жасаған басылымның мәліметіне қарағанда, Надежда Потапованың денесі саяжайдан табылған. Кілемге оралған дене жерқоймада жатқан. Дененің үстіне қоқыс тасталған. "Өлімінің себебі - тіласты сүйектің сынуы, көмейіне зақым тиген. Сарапшылардың мәліметінше, әйелді тұншықтырған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жоғалып кеткен күні-ақ, яғни 26 қыркүйекте қайтыс болған. Ал күдікте ретінде Лисаковск қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, ол такси фирмасында қызмет еткен. Бұрын сотталмаған", - деді прокурордың орынбасары. Осыған дейін екі баланың анасын өлтірді делінген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. "Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 24 жастағы ер адам ұсталды. "Ол қазіргі уақытта қалалық ІІБ уақытта ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деген еді баспасөз қызметіндегілер. Еске салайық, 13 қазандаЛисаковск қаласында жоғалып кеткен екі баланың анасының өлі табылғаны хабарланған болатын. Қайтыс болған әйел кәсіпкерлікпен айналысқан екен, сондай-ақ ол интернатта мұғалім болып қызмет еткен. Лисаковск қаласының прокуроры Еркін Тайкешовтің айтуынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар