15 Қазан, 2016

Бірқатар нақты тапсырма берді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-10-02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасына Ә.Исе­кешев елорданың биылғы 9 ай­дағы әлеуметтік-экономикалық даму қо­ры­тындылары, Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығын мерекелеуге және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге да­йындық барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызы бар нысандар және өзге де ғимараттар құрылысының кезеңдері, оларды іске қосуға әзірлік барысы туралы мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысан­дарды іске қосудың белгіленген мерзі­мін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құ­ры­­лыс сапасын арттырудың маңызды­лығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды