12 Қазан, 2016

Қазақстанда үйді жалға беру ақысы жарты жылда 20-30%-ға арзандады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
arenda Қазақстанда қозғалмайтын мүліктің арендалық ставкасы жарты жыл ішінде 20-30 пайызға төмендеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі Біріккен риэлторлар қауымдастығының президенті Елена Гриваға сілтеме жасап хабарлады. «Нарықта жалға берушілер және үйін сатудан гөрі арендаға ұсынатындар қатары артып отырғандықтан жарты жыл ішінде аталған бағыттағы ставкалар 20-30 пайызға азайды. Жалға берушілер жалға алушы ұзақ мерзімге келісім жасасқан жағдайда да бағаны төмендетеді», - деді Елена Грива. Оның айтуынша, жаздың үш айында тұрғын үй бағасы сөзгерген жоқ. Алматыда қыркүйек айында тамыз айымен орташа баға 1,7 пайызға өсті. Ал Астанада 0,8 пайызға көтерілген.