03 Қазан, 2016

Елбасы Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 07-akorda Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев 4 қазанда Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады. Іс-шара аясында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр. Егемен-ақпарат