01 Қазан, 2016

Жеңіліп көрмеген боксшы нокауттан кейін қайтыс болды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  mak Шотланд боксшысы Майк Тоуэлл бейсенбі күні түнде Дэйл Эванспен болған жекпе-жекте алған соққылары салдарынан көз жұмды деп хабарлайды BBC News-ке сілтеме жасаған Егемен-ақпарат. 25 жастағы Майк Тоуэлл Шотландияның Глазго қаласындағы Radisson Blu отелінде өткен айқастың 5-раундынан кейін ауруханаға әкетілді. Тоуэлл бірінші раундта-ақ ауыр нокдаунға түскен. Алайда, өз-өзіне келіп алған соң жекпе-жекті жалғастырған. Бесінші раундта нокаутқа түскеннен төреші айқасты тоқтатты. Майк Тоуэлл бұған дейінгі кездесулерде 11 рет жеңіп, бір мәрте тең түскен екен.