01 Қазан, 2016

Салық саясатын түсіндірді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kuandyk-bishimbaeҰлттық экономика министрі  Қуандық Бишімбаев жұртшылықпен салық саясатының негізгі бағыттарын талқылады және Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясын ашқан кезде, депутаттар мен Үкімет жұмыс жасайтын заң жобасы адамдардың өмірін жақсартуға және ең маңызды мәселелерді шешуге бағытталғанына назар аудара келіп, азаматтарға заңнамалық жаңалықтар туралы нақты ақпарат беру үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап айтқан еді. Жұма күні болып өткен салық саясатын талқылауға Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, Энергетика министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, тауар өндірушілер қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша заң жобасын әзірледі. «Асыл тұқымды мал базасын ұлғайту үшін отандық ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында импортталған асыл тұқымды малдың өлуі және мәжбүрлі сойылуы кезінде табиғи кему нормативтері шегінде ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану ұсынылады», – деді министр. Бұдан басқа, алкоголь өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген. Заң жобасында салықтық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде салық және кедендік дауларды сотқа дейінгі реттеу, барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті электронды шот-фактуралардың көшірмесіне кезең-кезеңмен көшу, салықтық немесе кедендік тексерулер жүргізу барысында е-аудит (электронды аудит) енгізу мерзімдерін ауыстыру, салықтық есептілік нысандарын оңтайландыру бойынша түзетулер көзделген. Мереке ТАҢАТАРОВ