30 Қыркүйек, 2016

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-09-gg-3 Қазақстан Президенті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады. Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар – халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады. Бұдан бөлек, А.Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны броньдады. Егемен-ақпарат