01 Қазан, 2016

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-09-gg-2 Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысының маңыздылығына назар аударды. Ұлттық банк төрағасы Елбасына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді. – Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамының тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті, – деді Д.Ақышев. Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер санының артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35%-ға артқан. Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар нақты тапсырма берді. Егемен-ақпарат