30 Қыркүйек, 2016

Қытайда лай көшкінінен 6 адам қаза тапты, тағы 25-і жоғалған

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-09-opolzen Қытайдың Чжэцзян провинциясында лай көшкінінен алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Қытай халықаралық радиосы (CRI). Бұдан бұрын апат салдарынан төрт адамның қаза болғаны айтылған. Құтқарушылар 15 адамды аман алып шықты, тағы 25-і із-түссіз жоғалғандар қатарында. Лай көшкіні Лишуй қаласындағы Суйчан уезінде болған. Аумағы 400 текше метрді құраған көшкіннен 20 үй қирап, тағы 17-сі зақымданған. 1460 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Егемен-ақпарат