30 Қыркүйек, 2016

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық қызу жүргізілуде

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30-09-yekspo Бүгін елордада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірқатар шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Басқарма төрағасы елшілерді көрмені ұйымдастыру жұмыстарымен толығырақ таныстырып өтті. – Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы кесте бойынша жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми растады. Секция комиссарларының 98-і тағайындалды. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 82 қатысу келісімшартына қол қойылды, – деді А.Есімов. Одан әрі Басқарма төрағасы барлық павильондар дайындалып, коммуникациялар әзірленгенін, алдағы айларда қатысушы елдер өздерінің павильондарын реттеуге дайын болулары керек екенін атап өтті. Жиын соңында Әзербайжан, Италия, Индонезия және Малайзия мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілерінің қатысуымен брифинг өтті. Онда елшілер өз елдерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысатынын жеткізді. Жолдыбай БАЗАР