30 Қыркүйек, 2016

Филиппин президенті өзін Гитлерге теңестірді

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
det Филиппин президенті Родриго Дутерте өзінің есірткі саудасына қарсы жүргізіп жатқан күресін Холокостпен қатар қойды, кезінде Гитлер еврейлерді қалай қырса, өзі нашақорларды солай қыратынын айтты деп хабарлайды BBC News-ке сілтеме жасаған Егемен-ақпарат. «Гитлер үш миллион еврейді өлтірді. Бізде үш миллион нашақор бар. Cолардың көзін түгел құртқым келеді» деп мәлімдеген Родриго Дутерте. «Германияда Гитлер болса, Филиппинде...» деп өзін көрсеткен. Маусым айында билікке келген Филиппин президенті есірткі сатушылар мен нашақорларға қарсы жүргізген аяусыз күресі үшін халықаралық қауымдастық пен Батыс елдері лидерлері тарапынан сынға ұшырап жатыр. Ресми мәліметтер бойынша, маусым айынан бері полиция жүргізген түрлі операциялар кезінде 3000-нан аса адам өлтірілген. Олардың денелері мен жасаған қылмыстарының тізімі жұрт алдына қойылады. Дутерте Филиппиндегі қылмыс деңгейін төмендету үшін 100 000 қылмыскерді өлтіруге дайын екенін ашып айтқан болатын. Жергілікті басылымдардың мәліметі бойынша, елде 1,8 миллионға жуық нашақор бар. Бұл – ел халқының 1,8%-ына тең. Родриго Дутерте жаңағы сөзді өзі бір кезде басқарған Давао қаласына келген кезде айтқан. Рейтер агенттігінің хабарына қарағанда, еврей қауымы Дутертенің бұл сөздеріне наразылық білдірді. Филиппин президенті мұның алдында өзінің қатаң саясатына ескерту жасаған батыс елдерін быт-шыт қылып сынаған болатын. «Таяу Шығыстан босып кеткен мигранттар жүр. Олардың қырылып жатқанына бастарың ауырмайды. Енді 100, 2000, 3000 адамның өлгеніне қалайша қинала қалдыңдар?» деген еді ол сәл бұрынырақта. dut Родриго Дутерте билікке келгелі бері Филиппинде бірнеше мың адам сотсыз-тергеусіз өлтірілді Егемен-ақпарат