30 Қыркүйек, 2016

Міндеттер мінсіз орындалуы тиіс

187 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2016 жылғы 9 қыркүйектегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы және 13 қыркүйектегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауқымды мақсаттар мен бірқатар міндеттер қойған болатын. Бұл міндеттемелер кеше Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің төрағалығымен министрліктің өңірлермен бейнебайланыс режіміндегі алқа мәжілісінде кеңінен талқыға түсіп, оларды жүзеге асырудың жол картасы жасалды. Біріншіден, жүзеге асырылып жатқан «Агробизнес-2020» бағдар­ламасы негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Жаңа бағдарлама АШМ желісі бойынша ауылшаруашы­лық өнімдері мен азық-түлік өндірісіне қолдау білдіруді ғана емес, өзге де салалармен сабақтасқан мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ, бағдарламаны бекіту аясында АӨК-ті субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығында бұл тармақ егін алқаптарын, оның ішінде, бидай алқаптары құрылы­мын әртараптандыруға қатысты. Ал мал шаруашылығында тәуекелі аз, жеммен қамтамасыз етілуі оңай орта және шағын шаруашылықтарды қамту және жайы­лымдық мал шаруашылығы әлеуе­тін пайдалану мүмкіндіктері қарас­тырылуда. Сонымен қатар, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың несиелеу саясаты қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, бұл АӨК субъектілерін қамту аясын еселей түсетін орта және шағын жобаларға қатысты. Екіншіден, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмысын жандандыру үшін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтар әлеует­терін қолдану арқылы кәсіпорындардың қайта өңдеу қуаттарын жүктеу шара­лары қолға алына бастады. Бұл ауыл­шаруашылық өнімдерін өндіру мен жылжытуды орталықтандыру үшін жасалуда. Құрылатын ауылшаруашылық коо­пе­ративтері сүт, ет, жемістер мен көк­өністер, жүн мен тері әзірлеу­мен, сондай-ақ, омарташылық, құс шаруа­шылығы, тауарлы балық шаруашылығы және АӨК-тің басқа да бағыттарымен айналыса алады. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту шараларын іске асыру арқылы 3 жыл­да тауарлық өндіріске 226 мың ЖҚШ тарту және 70 мыңнан аса жұмыс орнын ашып, қайта өңдеу кәсіп­орын­дарының жүктелімін кемінде 20%-ға арттыру көзделуде. Бүгінде 448 ауылшаруашылық коо­перативі құрылып үлгерді және олар үшін арнайы салықтық режімді іске асыру барысында жердің болуы талабын жою бағытында жұмыстар жүргізілуде. Үшіншіден, жеке тұрғын үй құры­лысы үшін жер телімін беру мәселесі қаралды. Кеңейтілген отырыста Мемлекет бас­шысы «Нұрлы жер» бірыңғай тұр­ғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді. Онда ЖТҮҚ үшін 10 сотық жер телімін бөлу мәсе­лесі қозғалады. Бұл мәселені шешу үшін Жер кодексіне әкімдіктерге мемлекет қажеттілігіне ЖТҮҚ үшін жер телімдерін сатып алу мүмкіндігін беру бойынша өзгеріс енгізу көзделуде. Айталық, кезекте тұрған азамат­тар­дың тізімін жүйелеу және екі рет тегін жер телімін алу жағдайларын болдырмас үшін «Электронды үкімет» порталында бірыңғай кезекте тұрған азаматтар реестрін құру жоспарлануда. Бұл жер телімдерін беру тетіктерін жетілдіріп, ел аумағында өтінімдердің бір формасы арқылы арнайы есеп жүргізуге және ағымдағы есепті өзектендіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жоспары аясында биылғы жылы министрлікке 97 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Бұл қаражат алға қойылған міндеттерді орын­дау және өндіріс тиімділігін арт­тыруға бағытталған. Министрліктің мін­деті – аталған бюджет қаражатының тиімді игерілуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жиын барысында суармалы жерді 600 мың гектарға ұл­ғайту және олардың инфрақұрылы­мын жетілдіру мәселелері сөз болды. Бесіншіден, 2016 жылы жануар­лардың аса қатерлі ауруларына қатыс­ты эпизоотиялық жағдай жекелеген инфекциялардың таралуын есептемегенде, қалыпты күйде және бұл бағытта тұрақтылық бар. Мысалы, жыл басынан бері жануарлар ауруларының 95 ошағы тіркелсе, олардың 42-сі дереу жойылып, жергілікті атқарушы органдар шешімімен жабылды. Ал қалған 42 ошақта нұсқаунамаға сәйкес ветеринарлық-карантиндік іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, тіркелімге алынған бруцеллезді 109 пунктте сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жиын соңында Премьер-Министр­дің орынбасары – Ауыл шаруашылы­ғы министрі А.Мырзахметов отырыс бары­сында айтылған мәселелерді қорытындылай келе, алдағы уақытта АӨК-ті жаңа деңгейге көтеру бойынша бірқатар тапсырмалар берді және де олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.  Мереке ТАҢАТАРОВ