30 Қыркүйек, 2016

Жекешелендіруден түскен 7 млрд теңге республикалық бюджетке құйылды

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
zhekeshelendiruКеше Президент жанын­дағы Орталық коммуни­кациялар қызметінде «Жеке­шелендірудің екінші толқынының» жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің  төрағасы Эдуард Өтепов, Республикалық меншік нысандарын сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы басшысы Дәулетбай Шағыров, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов қатысты. Олар жекешелендіру жұмыстарының осы кезеңге дейінгі нәтижелерін жариялап, сатылған нысандар туралы ақпараттармен бөлісті. 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 ны­­сан жоспарланған. Ал тамызға дейінгі кезеңде 523 нысанды жеке­шелендіру жоспарланған екен. Алай­да, 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 нысан шығарылып, оның 314-і сатылды. «Оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша 57 нысан бар», деді Э.Өтепов. Бұл ретте сатудан түскен қаражаттың 7 млрд теңгесі республикалық бюд­жетке, 5,1 млрд теңгесі об­лыстық бюджеттер­ге, 68,1 млрд теңгесі холдингтерге, 6,4 млрд теңгесі әлеуметтік кәсіпкерлік кор­порацияларға құйылды. Республикалық меншік бо­йын­ша 2014 жылдың маусымынан 2016 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде сатуға 27 нысан жос­парланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегіндегі жағдай бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шыға­рылып, оның 19-ы сатылған. Ал коммуналдық меншік бойынша 273 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағ­дай бойынша 254 нысан саудаға шы­ға­рылып, оның ішінде 157 нысан сатылған. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациялар бойынша 105 нысан же­кешелендіруге жатады. Бұл ретте 104 нысан сатуға қойылып, оның 81-і сатылып кеткен. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 28 қыркүйектегі жағдай бойынша сатуға жоспарланған 136 нысанның 124-і сауда-саттыққа шығарылып, оның 57-сі сатылған. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»