23 Қыркүйек, 2016

Іздегенге – сұраған

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
nurly-zherОңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық мәслихатының бір топ депутаты сенатор Әли Бектаевқа хат жолдап, аудан орталығындағы «Шығыс» шағын ауданындағы 250 га жерге инженерлік-коммуникациялық құрылыс жұмысын жүргізу үшін 2,4 млрд теңгені республикалық бюджетте қарастыруға ықпал етіңіз деген өтініш айтқан еді. Бүгінгі күні Қазығұрт елді мекенінің өзінде ғана 10 мыңға жуық азамат тұр­ғын үй салу үшін жер алу­ кезе­гінде тұр екен. Егер атал­ған жерге инженерлік-ком­­му­ни­кация­лық желілер тартылса, 6 мың­дай тұр­ғынның жер алу өтініші қана­­ғаттандырылмақ­шы. Оның 2,4 млрд теңгені құрайтын жо­ба­­лық-сметалық құжаттары әзір­­леніп, 2015 жылдың 9 қаң­­тарын­да мем­ле­кет­тік сараптаманың оң қоры­­тын­дысын да алып қой­ған. Мәселе тек респуб­лика­лық бюджеттен бөлі­нетін қара­жатқа ғана тіреліп тұр. Үкіметтің соңғы кеңей­тілген оты­рысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер» тұрғын үй құры­лысы бағдарламасын әзір­леуді тап­сырған еді. Онда жеке­мен­шік құрылысшылар­ды ын­таландыру ісі­не баса кө­ңіл бөлу керектігі ай­тыл­ған. Ел­басы жеке­меншік үй салу­­шылардың шығын­да­рын азай­тып, мемлекет ин­же­нер­лік және әлеу­мет­тік инфра­құры­лымдардың құ­нын өз мойнына алу керектігін атап айт­­қан. Бұл барлық шығынның 30 па­­йы­­зын құрайтыны да ескертілген. Міне, осы бағдарлама әзір­лен­­се, қазығұрттықтардың өтіні­­ші де орындалары сөзсіз. Оның үс­ті­не, сенаторлар Әли Бектаев пен Асқар Бейсенбаев осы мәселені оң шешу­ді сұрап, Премьер-Министрге депутаттық сауал да жол­дапты. Ен­ді сенаторларда бұл сауал іздеген­ге – сұраған болып, «Нұрлы жер» бағдарламасын әзір­леу барысында ескерілер деген сенім зор. «Егемен-ақпарат»