10 Қыркүйек, 2016

Әр алуан әлем

274 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Әйелінен құтылу үшін түрмеге түскісі келген 09-09-16-tiurmaАҚШ-тың Канзас штатында тұратын 70 жастағы кісі қару асынып, банкке келгенде, ешкімнің өміріне қауіп төндірмеген, сұраған ақшаны алған соң қашып кетпеген. Банктің операциялық залында Лоуренс Джон Риппл кассирден сейфтегі барлық ақшасын алып беруді талап етеді. Бірақ бірден кете қоймайды. Банкке полицейлер келгенде, тонаушы өзінің бұл әрекетін ақша үшін емес, әйелінен құтылу үшін жасағанын айтқан. Зайыбынан әбден жалыққаны сондай, одан қашып, демалу үшін түрмеге түскенді жөн көрген. 09-09-16-pakistan-karaciҚұрбан айтқа атаған малын үйдің төбесінде баққан Пәкістанның Карачи қаласы тұрғынының Құрбан айтқа семіртіп, базарға шығарып, сатуға дайындап отырған сиырын үйдің төбесінен жерге түсіру үшін кран керек болып қалды. Айта кету керек, қазір халқының саны 20 миллион адамнан асып кететін қала тұрғындарының көбі арнайы орындардың жоқтығы мен жердің бөлінбеуі салдарынан Құрбан айтта соятын малдарын өздері тұратын үйлердің шатырларында ұстауға мәжбүр болып отыр. 09-09-16-sobaka-2Бір ит төрт торайды бауырына басты Кубаның Плайя-Ларга қаласында тұратын Ларга Игнасио Эстевестің иті анасы өліп қалған торайларды бауырына басып, шын мәнінде асырап алды. Түлік иесі төрт торай туған шошқасы кенеттен өліп қалғанда, не істерін білмей сасқанын айтады. Бір ғажабы, фермер кісі торайларды қойнына салып бергенде, Линда атты иті олардан бас тартпай, күтімге алады. Оған енді өзінің алты күшігімен бірге кішкентай төрт торайды да емізуге тура келеді. Эстевестің айтуынша, Линда басында торайлардан ептеп қысылып жүрген, бірақ кейін келе жетім қалған оларды да өз балаларындай көріп кетеді. 09-09-16-kim_chen_ynБіреумен аттас болудың да азары бар Оңтүстік Кореяда тұратын Ким Чен Ын атты әйел КХДР лидерімен толық аттас болуы себепті Американың санкциясы шеңберіне жиі түсіп қалыпты. Корей әйел биылғы тамыз айында Оңтүстік Африка мемлекетінде тұратын сіңлісіне 27 мың доллар көлемінде ақша салады. Алайда, қаржы өзінің мәнзіліне жетпейді. Ал тексеру барысында ақша жөнелтудің АҚШ-тағы корреспонденттік есепшоттардың бірі арқылы жүргізілгені анықталады. Сөйтсе, ондағылар Солтүстік Корея басшысының аты-жөнін көргеннен кейін бірден операцияны тоқтатып тастапты. Банк қызметкерлері ақшаның Корея Республикасынан жіберілгеніне де мән бере қоймайды. khatikoИесін 6 күн бойы аурухана жанында күткен Испанияда Хатико атты итті еске түсіретін оқиға орын алды. Аита-ину тұқымдас Майя есімді төбет өзінің 22 жасар иесі Сандра Иньеста ауырып жатып қалғанда оны аурухана жанында 6 күн тапжылмай күткен. Бойжеткен көлігіне итін салып алып, Барселона көшелерінде жүріп келе жатқанында іші қатты бүріп ауырады. Сосын қызға аурухана жанына тоқтап, шұғыл дәрігерлерге көрінуге тура келген. Ал есіктің алдында қалған итті қыздың әкесі де алып кете алмапты. Сондықтан адал итті аурухананың медициналық персоналы сол уақыттың бәрінде тамақтандырып тұрыпты. Салқын сыраға қанғың келсе, Словенияға бар pivoСловенияның Жалец қаласында Еуропа құрлығындағы бірінші сыра субұрқағы ашылды. Қыркүйектің 6-сы күні ауа райының қолайсыз болып тұрғанына қарамастан, сыра атқылайтын фонтанның ашылу салтанатына бес мыңнан астам адам келген. Олар бұл жерден алты еуро төлеп, сыраның дәмін татып көрген. Осы сомадағы ақшаға әр адам бес саптыаяқ көбікті сусынды іше алатын болған. Енді қала басшылығы осы сыра бұрқағының арқасында туристерді көптеп тартуды армандап отыр. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды