10 Қыркүйек, 2016

Дүние жүзінің доп додасы

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
бірден үш елде қатар өтуі мүмкін Футболдан әлемнің 2026 жылғы чемпионаты бірден үш елде – Мексика, АҚШ және Канада жерлерінде өтіп қалуы әбден мүмкін. Қазір аталған үш ел осы тұрғыда бірлескен тапсырыс дайындап жатқан көрінеді. ФИФА президенті Джанни Инфантино әлем чемпио­натының бірден үш елде өтіп қалуы мүмкін екенін әсте жоққа шығармайды. Бұдан бөлек, ол мундиалға қатысушы командалар санының 32-ден 40-қа дейін көбейтілуі де ғажап еместігін алға тартты. Міне, ФИФА-ның Цюрихтегі штаб-пәтерінде биылғы 3-14 қазан күндері өтетін отырыс тап осы мәселелерді талқылайтын болады. Айта кететін жайт, Солтүстік Америка жерінде 1994 жылдан кейін әлем чемпионаты өткен жоқ. Осының да әсері бар шығар, қазір 2026 жылғы мундиалды құрлықтың сол бөлігіне беру ықтималдығы да өте жоғары болып тұр. Ал 1994 жылы жаһанның күшті командалары АҚШ стадиондарында бас қосып еді. Бұдан бөлек, Мексика 1970 және 1986 жылдары екі рет әлем чемпионатын қабылдаған болатын. Дегенмен, әзірге бірде-бір рет чемпионат бірден үш елде өтіп көрген емес. Мұрат АЙТҚОЖА