10 Қыркүйек, 2016

Толағайдың тартуы

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
dsc_9101Сыр толағайы Александр Зайчиков бүгінде туған жерін аралап жүр. Әр аудан, ауылға барған сайын халық зор құрметпен қарсы алып, үлкен қошеметпен шығарып салуда. Жеті ауданды толық аралап шықты. Елдің ықыласы ерекше. Соңында ол Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейіне арнайы барды. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков жұрт­шылықпен кездесу өткізіп, сындарлы сұхбат құрды. Кездесу барысында ауыр атлет Олимпиададан алған әсерін ортаға салды. Сонымен қатар, Рио төрінде жеңіс тұғы­рына көтеріліп, марапат алған сәтінде киген спорттық киімін музей қорына тарту етті. Осы шараға қатысқан студенттер, музей қызметкерлері спортшыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері музейдің құрмет кітабына өз қолтаңбасын қалдырып, Қызылорда облысы әлеуметтік сала­сының дамуы залымен танысты. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» ҚЫЗЫЛОРДА