10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық экономика министрлігі № 15-04/7,  №614

351 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 10 тамыз № 15-04/730 Астана қаласы 2015 жылғы 21 тамыз №614 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағына сәйкес, бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ А.МАМЫТБЕКОВ министрі _____________________Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ______________ С.Айтпаева 2015 жылғы 25 тамыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы №614 бірлескен бұйрығымен бекітілген нысан Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________________________ ___________________________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акті_______________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН__________________________________________________________________________ Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ № Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптар-ға сәйкес келеді Талаптар-ға сәйкес келмейді Асыл тұқымдық зауыттарға, асыл тұқымдық шаруашылықтарға, асыл тұқымдық репродукторларға, асыл тұқымдық орталықтарға және дистрибьютерлік орталықтарға қойылатын жалпы талаптар 1 Жеке және заңды тұлғалар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзірлеген, сынақтан өткізілген немесе тұқымдары жасалып жатқан малдармен жүргізілетін селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының көшірмесінің болуы 2 Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы 3 Уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсыну 4 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың болуы Асыл тұқымдық зауыттар 5 Меншік құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шартының немесе лизинг шартының болуы 6 Асыл тұқымдық зауыттың ең төменгі көрсеткіштеріне сәйкестігі 7 Малдарға өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу 8 Асыл тұқымды малдарға бағалау жүргізудің жиынтық ведомосының болуы 9 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу 10 Малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерінің болуы 11 Тұқымы сынақтан өткізілген, бір тұқым ішіндегі және зауыттық типті асыл тұқымды мал төлін, белгiлi бiр тұқымның зауыттық желiлері мен кросстарын бағыттап өсiру Асыл тұқымдық шаруашылықтар 12 Меншік құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шартының немесе лизинг шартының болуы 13 Асыл тұқымдық шаруашылықтың ең төменгі көрсеткіштеріне сәйкестігі 14 Асыл тұқымды малдарға бағалау жүргізудің жиынтық ведомосының болуы 15 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу 1 және 2-реттегі асыл тұқымдық репродукторлар 16 Меншік құқығында материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шартының немесе лизинг шартының болуы 17 Асыл тұқымдық репродукторды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштеріне сәйкестігі 18 Асыл тұқымды малға бағалау жүргізудің жиынтық ведомосының болуы 19 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу (бірінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) 20 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу (екінші реттегі асыл тұқымдық репродукторлар үшін) Асыл тұқымдық орталықтар 21 Ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған қора-жайдың болуы 22 Тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы 23 Ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның болуы 24 Карантиндік үй-жайдың болуы 25 Изолятордың болуы 26 Тиісті зертханалық жабдықтардың болуы 27 Тиісті криогендiк жабдықтардың болуы 28 Жоғары өнiмдi асыл тұқымды аталық малдардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы 29 Асыл тұқымды аталық малдарға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы 30 Асыл тұқымды малға бағалау жүргізудің жиынтық ведомосінің болуы 31 Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базада тіркелгенін растайтын жергілікті атқарушы органның анықтамасы 32 Аталық малға өз өнiмдiлiгi бойынша бағалау жүргiзу 33 Аталық малға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзу 34 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу Дистрибьютерлік орталықтар 35 Стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайлардың болуы 36 Тиісті зертханалық жабдықтардың болуы 37 Тиісті криогендiк жабдықтардың болуы 38 Асыл тұқымдық куәліктерді беру есебінің жорналын жүргізу Бағалаушыларға (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушыларға және эмбрионды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандарға қойылатын жалпы талаптар 39 Уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi ұсыну Бағалаушы (сыныптаушы) 40 Тиісті «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы 41 Ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бағалау курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы 42 Селекциялық карточкаларының, асыл тұқымды малдың карточкаларының немесе асыл тұқымды малдарға асыл тұқымдық куәлігінің болуы Техник-ұрықтандырушылар 843 Тиісті «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы 44 Ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы 45 Зертханалық үй-жайдың болуы (ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункттер үшін) 46 Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы (ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункттер үшін) 47 Құрал-саймандардың болуы (ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункттер үшін) немесе техник ұрықтандырушы чемоданының болуы (жылжымалы пункттер үшін) 48 Криогендік жабдықтың болуы 49 Асыл тұқымдық материалға (ұрығына) асыл тұқымдық куәліктің болуы Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар 50 Тиісті «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы 51 Ауыл шаруашылығы малдарының эмбриондарын телу (ауыстырып салу) жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы 52 Зертханалық үй-жайдың болуы 53 Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы 54 Тиісті құрал-саймандардың болуы 55 Тиісті криогендiк жабдықтардың болуы 56 Тиісті технологиялық жабдықтардың болуы 57 Асыл тұқымдық материалға (эмбриондарға) асыл тұқымдық куәліктің болуы Лауазымды адам (дар): __________ _______ ____________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) __________ _______ ____________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Тексерілетін субъектінің басшысы: ________________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы) (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12108 болып енгізілді.