10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Энергетика министрлігі №250, №235

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 9 маусым №250 Астана қаласы 2016 жылғы 2 маусым №235 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамыз: 1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №799 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12674 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында: 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;». 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________Қ.БИШІМБАЕВ министрі_____________ Қ.БОЗЫМБАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ________________С.АЙТПАЕВА 2016 жылғы 3 маусым Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 11 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13901 болып енгізілді.