10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Ішкі істер министрлігі №1,  №1018

278 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 6 қаңтар №1 Астана қаласы 2015 жылғы 11 желтоқсан №1018 Астана қаласы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 465 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 556 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 шілдедегі № 11784 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қазақстан Республикасының экономика министрінің міндетін Ішкі істер министрі атқарушы ________________ М.ҚҰСАЙЫНОВ _________________ Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы __________________ С.АЙТПАЕВА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1018 бірлескен бұйрығына 1-қосымша Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1. Жалпы ережелер 1. Осы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) күзет қызметімен, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әзірленді. 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген, зиян келтіру ықтималдығы; 2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін субъект қызметі нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 4) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерістерді тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені. 5) өрескел бұзушылықтар – заңнаманың тыйым салатын, шектейтін нормасын сақтамаумен (тыйым салынған, тыйым салынады, шектеулер, құқығы жоқ, мүмкін емес, жоқ, тиіс, тұрмайтын); мамандандырылған оқу орталықтарына және олардың филиалдарына қойылатын атыс қаруы бар болуы туралы заңнама талаптарын орындамаумен байланысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген бұзушылықтар; ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша есептерді, ақпараттарды ұсынбау немесе расталмаған ақпараттарды ұсыну, сондай-ақ тексерілетін субъекті жұмыскерінің, басшысының, құрылтайшысының немесе тексерілетін субъектінің өз кінәсінен пайда болған жағымсыз оқиғалардың болуы; расталған шағымдар мен өтініштердің болуы; 6) елеулі бұзушылықтар – тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, оларды жасау субъект көрсететін қызметтердің сапасына әсерін тигізбейді. 7) болмашы бұзушылықтар – тексерілетін субъектінің қызметтерді көрсетуге келісімшарттардың жазбаша нысанын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында расталған тексерілетін субъект көрсетіп отырған қызметтер сапасының жағымсыз басылымдары мен жариялымдарының болуы. 3. Ішінара тексерістер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемраттар арқылы құрылады. Объективті өлшемшарттарды белгілеу мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: 1) тәуекелді белгілеу. Тәуекелді белгілеу: реттелетін салаға (ауданға) келтірілетін зиянның болжамды жағымсыз зардаптарының ауырлық масштабтарына; адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне қатысты қолайсыз оқиғаның орын алуы мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылады; 2) тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежелері (жоғарғы және жоғарыға жатпайтын) бойынша бөлу және ішінара тексерістер жүргізілетін тәуекел дәрежесін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Субъективті өлшемшарттарды белгілеу мынадай: 1) деректер базасын құру және ақпарат жинау; 2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. 2. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары 4. Объективті өлшемшарттар бойынша тексерілетін субъектілер мынадай тәуекел дәрежесіне жатады: тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне: 1) қызметтік қаруды пайдалана отырып, күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтар қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) екі жүз елуден астам жұмыскерлердің жылдық орташа санын құрайтын күзет қызметін, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсетуді, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтар қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 3) күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және біруақытта қызметтік қаруды пайдалана отырып, күзет қызметімен айналысатын заңды тұлғалар жатады; тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатпайтын тексерілетін субъектілерге: 1) қызметтік қаруды пайдаланбай және екі жүз елуден төмен жұмыскерлердің жылдық орташа санын құрайтын тек күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) екі жүз елуден төмен жұмыскерлердің жылдық орташа санын құрайтын тек күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар жатады. Тәуекелдің жоғарғы дәржесіне жататын тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара тексерістер, жоспардан тыс тексерістер және бақылаудың өзге нысаны жүргізіледі. Тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатпайтын тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерістер және бақылаудың өзге нысаны жүргізіледі. 3. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары 5. Күзет қызметін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері: 1) тексерілетін субъект ұсынатын ақпарттарға, есептерге, мәліметтерге жүргізілген мониторинг және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижелері; 2) алдыңғы тексеріс нәтижелері. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді; 3) тексерілетін субъектінің кінәсінен пайда болған жағымсыз оқиғалардың болуы. Жағымсыз оқиғаларға: тексерілетін субъектінің жұмыскеріне, басшысына, құрылтайшысына (қатысушысына) немесе тексерілетін субъектінің өзіне қатысты қылмыстық және/немесе әкімшілік істі қозғау; тексерілетін субъект күзететін объектіде күзетті қамтамасыз етумен (күзет қызметтерін көрсетумен) тікелей байланысты құқық бұзушылықты, төтенше жағдайды жасау; қызметтік және азаматтық қаруды, арнайы құралдарды жою, жоғалту жатады; 4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы; 5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар мен жариялымдарды талдау пайдаланылады; 6. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының (бұдан әрі - МОО) қызметін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері: 1) тексерілетін субъект ұсынатын ақпараттарға, есептерге, мәліметтерге жүргізілген мониторинг және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижелері; 2) алдыңғы тексеріс нәтижелері. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді; 3) тексерілетін субъектінің кінәсынан пайда болған жағымсыз оқиғалардың болуы. Жағымсыз оқиғаларға: тексерілетін субъектінің жұмыскеріне, басшысына, құрылтайшысына (қатысушысына) немесе тексерілетін субъектінің өзіне қатысты қылмыстық және/немесе әкімшілік істі қозғау; қызметтік және азаматтық қаруды, арнайы құралдарды жою, жоғалту жатады; 4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы; 5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар мен жариялымдарды талдау пайдаланылады. 7. Күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері: 1) алдыңғы тексеріс нәтижелері. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді; 2) тексерілетін субъектінің кінәсынан пайда болған жағымсыз оқиғалардың болуы. Жағымсыз оқиғаларға: тексерілетін субъектінің жұмыскеріне, басшысына, құрылтайшысына (қатысушысына) немесе тексерілетін субъектінің өзіне қатысты қылмыстық және/немесе әкімшілік істі қозғау жатады; 3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы; 4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар мен жариялымдарды талдау; 5) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері; 6) бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері пайдаланылады. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді. 8. Қолдағы бар ақпарат көздерді негізінде субъективтік өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы. Бұзушылық дәрежесі субъективтік өлшемшарттарға ықтимал тәуекелге және проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың жекешелігне немесе жүйелігіне, бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты беріледі. Тәуекел дәрежесін бағалау кезінде қолданылатын субъективтік өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1,2 және 3-қосымшаларда келтірілген. Бір өрескел бұзушылықты анықтаған кезде тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші беріледі және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі. Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі. Орындалмаған көрсеткіштердің үлес салмағына елеулі көрсеткіштердің сомасын айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және мынадай формула бойынша есептеледі: ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7 онда: ΣРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣР1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны; ΣР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны; Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі: ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3 онда: ΣРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші; ΣР1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны; ΣР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және төмендегі формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу қосу арқылы белгіленеді: ΣР = ΣРз + ΣРн онда: ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; ΣРз – елеулі бұзушылықтардың саны; ΣРн – болмашы бұзушылықтардың саны. 9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады: 1) тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне - тәуекел дәрежесінің 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі; 2) тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатпайтын – дәреженің 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізілмейді. 10. Ішінара тексерісті өткізу еселігі өткізілетін талдау және субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша анықталады және жылына бір реттен жиі болмайды. 11. Ішінара тексерістер құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға тиісті есеп беру кезеңі басталардан күнтізбелік он бес күн бұрын жолданатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға құралатын ішінара тексерістер тізімдерінің негізінде жүргізіледі. 12. Ішінара тексерістер тізімі мыналарды: 1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің анағұрлым жоғары көрсеткіштері бар тексерілетін субъектілердің басымдылығын; 2) тексерісті жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамдарының жүктемесін ескере отырып құралады. Талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты тексерілетін субъектіге қатысты пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды. Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша Күзет қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға көрсеткіштер № Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары Тәртіп бұзушылық дәрежесі 1. Есептер мен мәліметтерге жүргізілген мониторинг нәтижелері 1 Ақпарат, есептер, мәліметтер ұсыну туралы сұрау салуда белгіленген мерзімді бұзу Елеулі 2 Сұрау салуға сәйкес ақпараттарды, есептерді, мәліметтерді ұсынбау немесе расталмаған ақпараттарды, есептерді, мәліметтерді ұсыну Өрескел 3 Жеке күзет ұйымының (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында жоғары заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болмауы Елеулі 4 Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды Өрескел 5 Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болмауы Елеулі 6 Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болмауы Елеулі 7 Жеке күзет ұйымының басшысы психикалық ауруы, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша денсаулық сақтау органдарының есебінде тұрады Өрескел 8 Жеке күзет ұйымы басшысының қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар Өрескел 9 Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегі мерзiмі өткенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған Өрескел 10 Жеке күзет ұйымының басшысына қатысты күзетші лауазымына қабылдағанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шыққан немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған Өрескел 11 Жеке күзет ұйымының басшысы күзет ұйымының басшысы ретінде жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде меншікке, мемлекеттік билік институттарына, басқарудың белгіленген тәртібіне, қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өрескел 12 Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылған Өрескел 13 Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан босатылған Өрескел 14 Жеке күзет ұйымының басшысы 19 жасқа толмаған Елеулі 15 Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайды Өрескел 16 Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері 19 жасқа толмаған Елеулі 17 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткені туралы куәліктің болмауы Елеулі 18 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы куәліктің болмауы Елеулі 19 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар Өрескел 20 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамсыз (көздің көруінің бұзылуына, психикалық ауруына, маскүнемдік немесе нашақорлыққа байланысты қаруға иелік етуге қарсы көрсетілімдер жоқ) Өрескел 21 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегі мерзiмі өткенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған Өрескел 22 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлеріне қатысты күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шыққан немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған Өрескел 23 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде меншікке, мемлекеттік билік институттарына, басқарудың белгіленген тәртібіне, қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өрескел 24 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылған Өрескел 25 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан босатылған Өрескел 26 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері олардың жеке басын және жеке күзет ұйымына қатыстылығын растайтын құжаттармен қамтамасыз етілмеген Елеулі 27 Күзетшілердің жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына қатыстылығын растайтын құжаттың «Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі Елеулі 28 Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен («Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы») белгіленген нормативке сәйкес келмейді Өрескел 29 Басшы және күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеген Өрескел 30 Басшы және күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жұмыстан тыс кезде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол берген Өрескел 31 Жеке күзет ұйымы күзетшілердің арнайы киімді киюі бойынша талаптарды сақтамайды Елеулі 32 Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің арнайы киімі «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейді Өрескел 33 Ұлттық компанияның күзет ұйымы құрылтайшы құқығын алуға Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органмен келіспеген Өрескел 34 Ұлттық компания күзет ұйымының үшінші адамдарға күзет қызметтерін көрсетеді Өрескел 35 Заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының бір уақытта біреуден аса күзет қызметімен айналысатын ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары және (немесе) меншік иелері болып табылады Өрескел 36 Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табылады. Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) үшін осы қызмет түрі – негізгі Өрескел 37 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушылары) өздеріне қатысты күзет қызметтерін көрсететін құрылтайшылар не болмаса ұйымның лауазымды адамдары болып табылмады Өрескел 38 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетілген адамдар бар заңды тұлғалар болып табылмады Өрескел 39 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар болып табылады Өрескел 40 Жеке күзет ұйымдарының құрылтайшылары (қатысушылары) қоғамдық бірлестіктер болып табылады Өрескел 41 Жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) шетелдік заңды тұлғалар, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы бар болса сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы бар адамдар болып табылады Өрескел 42 Жеке күзет ұйымының қызметтік және азаматтық қаруды пайдаланатын жағдайда қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайы (не болмаса белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарты) жоқ Өрескел 43 Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысында анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі Өрескел 2. Алдыңғы тексеріс нәтижелері (Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді) 44 Жеке күзет ұйымының (оның ішінде филиал мен өкілдік) басшысында жоғары заң білімінің немесе Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдардағы басшылық лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы Елеулі 45 Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады Өрескел 46 Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткендігі туралы куәліктің болуы Елеулі 47 Жеке күзет ұйымы басшысында арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы куәліктің болуы Елеулі 48 Жеке күзет ұйымының басшысы психикалық ауруы, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша денсаулық сақтау органдарының есебінде тұрмайды Өрескел 49 Жеке күзет ұйымы басшысының қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Өрескел 50 Жеке күзет ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегі мерзiмі өткенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған емес Өрескел 51 Жеке күзет ұйымының басшысына қатысты күзетші лауазымына қабылдағанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шықпаған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыс­тық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершілктен босатылмаған Өрескел 52 Жеке күзет ұйымының басшысы күзет ұйымының басшысы ретінде жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде меншікке, мемлекеттік билік институттарына, басқарудың белгіленген тәртібіне, қоғамдық тәртіпке және адамгершілкке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған Өрескел 53 Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылмаған Өрескел 54 Жеке күзет ұйымының басшысы кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан босатылмаған Өрескел 55 Жеке күзет ұйымының басшысы 19 жасқа толған Елеулі 56 Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады Өрескел 57 Күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері 19 жасқа толған Елеулі 58 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткені туралы куәліктің болуы Елеулі 59 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерінде арнайы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы куәліктің болуы Елеулі 60 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінің қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Өрескел 61 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері денсаулық жағдайы бойынша күзет қызметімен айналысуға жарамды (көздің көруінің бұзылуына, психикалық ауруына, маскүнемдік немесе нашақорлыққа байланысты қаруға иелік етуге қарсы көрсетілімдер жоқ) Өрескел 62 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектегі мерзiмі өткенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған емес Өрескел 63 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлеріне қатысты күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шықпаған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауапкершілктен босатылмаған Өрескел 64 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде меншікке, мемлекеттік билік институттарына, басқарудың белгіленген тәртібіне, қоғамдық тәртіпке және адамгершілкке қол сұғатын қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын әкімшілік жауапкерілікке тартылмаған Өрескел 65 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылмаған Өрескел 66 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері кемінде үш жыл бұрын теріс себептер бойынша жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан босатылмаған Өрескел 67 Күзетшілер лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері олардың жеке басын және жеке күзет ұйымына қатыстылығын растайтын құжаттармен қамтамасыз етілген Елеулі 68 Күзетшілердің жеке басын және олардың жеке күзет ұйымына қатыстылығын растайтын құжаттың «Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 140 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келуі Елеулі 69 Жеке күзет ұйымы күзет қызметтерін көрсету туралы шарттарды жасасудың жазбаша нысанын сақтайды Болмашы 70 Жеке күзет ұйымы күзетшілер лауазымын атқаратын жұмыскерлерді міндетті сақтандыру туралы талаптарды сақтайды (күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді сақтандыру туралы растайтын құжаттың болуы) Өрескел 71 Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен («Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы») белгіленген нормативке сәйкес келеді Өрескел 72 Басшы және күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеген Өрескел 73 Басшы және күзетші лауазымын атқаратын жеке күзет ұйымының жұмыскерлері жұмыстан тыс кезде қылмыстық құқық бұзушылыққа жасауға жол бермеген Өрескел 74 Жеке күзет ұйымы күзетшілердің арнайы киімді киюі бойынша талаптарды сақтайды Елеулі 75 Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің арнайы киімі «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді Өрескел 76 Ұлттық компанияның күзет ұйымы құрылтайшы құқығын алуға Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөнінде уәкілетті органмен келіскен Өрескел 77 Ұлттық компания күзет ұйымының үшінші адамдарға күзет қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ Өрескел 78 Заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының біруақытта біреуден аса күзет қызметімен айналысатын ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары және (немесе) меншік иелері болуға құқығы жоқ Өрескел 79 Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге қызметті жүзеге асыратын ұйымның еншілес кәсіпорны болып табылмайды. Субъектінің құрылтайшысы (қатысушысы) үшін осы қызмет түрі – негізгі Өрескел 80 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушылары) өздеріне қатысты күзет қызметтерін көрсететін құрылтайшылар не болмаса ұйымның лауазымды адамдары болып табылмайды Өрескел 81 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетілген адамдар бар заңды тұлғалар болып табылмайды Өрескел 82 Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) өздерiне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар болып табылмайды Өрескел 83 Жеке күзет ұйымдарының құрылтайшылары (қатысушылары) қоғамдық бірлестіктер болып табылмайды Өрескел 84 Жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) шетелдік заңды тұлғалар, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ не болмаса сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы бар адамдар болып табылмайды Өрескел 85 Жеке күзет ұйымының қызметтік және азаматтық қаруды пайдаланатын жағдайда қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайы (не болмаса белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарты) бар Өрескел 3. Тексерілетін субъектінің кінәсінен пайда болған жағымсыз оқиғалардың болуы 86 Тексерілетін субъектінің күзетшісіне, басшысына, құрылтайшысына (қатысушысына) немесе тексерілетін субъектінің өзіне қатысты қылмыстық іс қозғау Өрескел 87 Тексерілетін субъектінің күзетшісіне, басшысына, құрылтайшысына (қатысушысына) немесе тексерілетін субъектінің өзіне қатысты әкімшілік іс қозғау Өрескел 88 Тексерілетін субъект күзететін объектіде күзетті қамтамасыз етумен (күзет қызметтерін көрсетумен) тікелей байланысты құқық бұзушылық жасалды немесе төтенше жағдай болды Өрескел