• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 15:24

Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды

Шілденің 10-12 аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты дәстүрлі фестиваль өтеді. Мәдени іс-шара Катонқарағай және Берел ауылдарында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын дәріптейді, деп жазады Egemen.kz.

Фестиваль аясында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттайтын көптеген мәдени іс-шаралар жоспарланған. Бағдарламада ақындар айтысы, халықаралық музыкалық концерттер, этно-мәдени көрмелер, ұлттық спорт ойындары мен қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді.

Шараның басты мақсаты – Алтайды түркі өркениетінің алтын бесігі ретінде танытып, бауырлас халықтардың рухани байланысын нығайту. Фестивальде көрермендер этнографиялық қойылымдарды, тарихи композицияларды, дәстүрлі ән-күй мен билерді тамашалай алады.

Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді

Катонқарағайдың көркем табиғаты аясында өтетін мерекеде ұлттық спорт түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Көкпар, аламан бәйге және басқа да дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылып, қонақтар үшін этно ауыл тігіледі.

Димаш мұғалімдерімен жүздесті 

Фестиваль жыл сайын Қазақстанның ғана емес, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және басқа да түркі елдерінің өнер өкілдерін бір алаңға жинап келеді. Бұл шара Алтай өңірінің туристік әлеуетін арттырып, халықаралық мәдени байланысты дамытуға маңызды үлес қосары сөзсіз. Ұлттық рух пен түркі дүниесінің ортақ құндылықтарын ұлықтайтын «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі биыл да мыңдаған қонақтың басын қосып, Алтай төрін үлкен мәдени мерекеге айналдырмақ.

Димаш Құдайберген «Таймас» фильмінің түсі­рілім алаңына барды

Рухани-мәдени кештің басты қонағы – еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген.

Катонқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар