• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады

Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы тұсы 17-30 маусым аралығында жабылады. Ішінара шектеулер жол жұмысына байланысты енгізілген, деп жазады Egemen.kz.

Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көлік жүргізушілер және жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн. Сондай-ақ ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтуіне байланысты ондаған көшенің жабылғаны туралы хабарланған едік.

Соңғы жаңалықтар