• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:39

Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ

Мәжіліс бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ құжат отандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығару үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Екі тараптан да тауар номенклатурасының кемінде 85%-ына қатысты тарифтік либерализациялау (әкелу кезіндегі кедендік баж салығын жою) туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ретте Әмірліктер тарапы 6 757 тауар позициясына (86,0%) қатысты преференциялар береді. Оның ішінде 6 565 позиция бойынша әкелгені кедендік баж салықтарының мөлшерлемесін нөлге түсіру арқылы, ал 192 тауар позициясы бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелгені үшін тарифтік квоталар белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-әрекетті арттырудың берік негізіне айналуға тиіс.

Айта кетейік, мамыр айында Мемлекет басшысы ЕАЭО аясындағы екі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар