• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:04

Мемлекет басшысы: Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда заң үстемдігіне негізделген Әділетті Қазақстанды құру бағытындағы реформалар жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, елімізде сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп келеді.

«Біз Заң мен тәртіпке бағынатын, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз. Сондықтан сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беріп отырмыз. Бірінші шілдеде еліміздің жаңа Конституциясы күшіне енеді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады. Мен бүгін бес конституциялық заңға қол қойдым. Бұл – жаңа Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы негізінде түбегейлі жаңғырады деген сөз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де жаңа серпін беретінін айтты.

«Осы құқықтық реформалар елімізде жасалып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге де тың серпін бермек. Сөз соңында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеуге және оның нормаларын жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі басқосуда әкімшілік әділет институтын нығайтуға қатысты маңызды ойлар мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін», деді Президент.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында бес конституциялық заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар