Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесін бекіту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зейнетақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады
Қаулыға сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегі тиісті жас санаттары үшін өткен жылғы көрсеткіштен төмен болмауға тиіс. Бұл ретте ол болжамды инфляция деңгейінен бес пайыздық тармаққа жоғары қарқынмен индекстеледі.
Зейнетақы жинақтарынан алуға болатын қаражат көлемі азаяды, себебі зейнетақы шотында сақталуға тиіс ең төменгі сома ұлғайтылып отыр. Дегенмен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану тетіктері сақталады.
Қаулыға сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа әдістеме күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған жаңартылған жеткіліктілік шектерін жариялауы керек.
Еске салайық, бұған дейін қаулының күшіне енетіні туралы хабарлағанбыз.