• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Кеше

Ертеңнен бастап зейнетақы шегін есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді

Санаулы сағаттар ішінде ел тұрғындары зейнетақы жинақтарындағы қаражатын аударып ала алады. Себебі елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов зейнетақы жинағын пайдалану шегін анықтау әдістемесін өзгерту туралы қаулыға қол қойған болатын. Жаңа ережеге сәйкес, зейнетақы шотында қалуға тиіс ең төменгі сома айтарлықтай артуы мүмкін. Бұл өз кезегінде азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігін шектейді.

Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп енгізілгенге дейін салымшылар шекті мөлшерден асқан қаражатын пайдалану үшін өтініш бере алады. Ол үшін өтінішті enpf-otbasy.kz платформасы арқылы 5 маусымға дейін тапсыру қажет.

Бұрынғы есептеу жүйесі азаматтың болашақ жарналарын ескеруге негізделсе, жаңа тәсіл зейнетке шыққаннан кейін өмір бойы төленетін төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті соманы есептеуге бағытталған.

Есептеу кезінде инвестициялық табыстылық, жыл сайынғы индексация, азаматтың жасы, өмір сүру ұзақтығы және зейнетақы алу мерзімі сияқты факторлар ескеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақыдан ақша алу қиындауы мүмкін екендігін жазған болатынбыз. 

 
Соңғы жаңалықтар