• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Президент: Ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміндегі сөйлеген сөзінде наурыз айында ел тұрғындары біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатысқанын, азаматтардың конституциялық реформаны қолдап, дауыс бергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды», деді Президент. 

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекет басшысы атап өткендей, заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. 

«Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін Президент «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар