• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Кеше

Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Қазақстанда тұтынушылық несиелеу нарығының қарқыны бәсеңдеп келеді. Сарапшылардың мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бөлшек несиелеу көлемі 4,4 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсіресе тұтынушылық несиелерді беру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп, 7 пайызға азайды. Бұл сегмент барлық бөлшек несиелердің басым бөлігін – шамамен 85 пайызын құрайды. Қазір банктер кепілмен қамтамасыз етілген қарыздарға көбірек басымдық беріп отыр.

Сонымен қатар несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер де өсіп жатыр. Елдегі бөлшек несиелердің орташа мөлшерлемесі 20,9 пайызға жетіп, үш айдың ішінде 2,7 пайыздық тармаққа артқан. Ең көп қымбаттаған өнімдердің қатарында автонесиелер мен кепілсіз қарыздар бар.

Мамандар кеңесі: Несие аларда нені ескеру керек?

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің несиеге деген сұранысты шектеуге бағытталған шаралары да өз нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері тұтынушылық несиеге берілген өтінімдер саны 10,7 пайызға қысқарған.

Ипотекалық несиеге қызығушылық төмендеген. Азаматтар тұрғын үй несиесіне былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20,7 пайызға аз жүгінген.

Табысынан 8 есе көп қарызы барларға несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа шектеу енгізеді

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта банктер қарыз беру талаптарын одан әрі қатаңдатуы мүмкін. Әсіресе ипотекалық несие алу қиындап, қарыз жүктемесінің табысқа қатынасын есептейтін жаңа коэффициенттің енгізілуі мақұлданбайтын өтінімдер санын арттыруы ықтимал. Сонымен қатар несиеге сұраныстың төмендеу үрдісі сақталады деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар