• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:58

Үкімет Қазақстандағы декреттік төлемнің орташа мөлшерін жариялады

Қазақстанда балалы отбасыларды қолдауға бағытталған кешенді әлеуметтік жүйе қалыптасқан. Мемлекеттік қолдау бала дүниеге келген сәттен басталып, оны тәрбиелеу кезеңінде де жалғасады. Қазіргі таңда балалы отбасыларға арналған жәрдемақылардың бес негізгі түрі қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бала туған кезде біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға – 164 350 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге.

Жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік пен босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қарастырылған. Оның көлемі соңғы 12 айдағы орташа табысқа байланысты есептеледі. 2026 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша бұл төлемнің орташа мөлшері 1,2 миллион теңгені құрады.

Баласы кәмелет жасына толғандар жәрдемақыдан қағыла ма?

Сонымен қатар жұмыс істейтін аналарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтім жасау кезеңінде әлеуметтік төлем төленеді. Оның мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызына тең. Мамыр айының басындағы дерек бойынша орташа төлем көлемі 86 062 теңгені құраған.

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ай сайын 81 871 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Көпбалалы отбасыларға ерекше қолдау көрсетіледі. Табыс деңгейіне қарамастан ай сайынғы жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді:

4 баласы бар отбасыларға – 69 330 теңге; 5 баласы бар отбасыларға – 86 673 теңге; 6 баласы бар отбасыларға – 104 017 теңге; 7 баласы бар отбасыларға – 121 360 теңге.

Бұдан бөлек, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді

Бүгінде еліміз бойынша 630 мыңнан астам көпбалалы отбасы түрлі жәрдемақылармен қамтылып отыр. Бұл әлеуметтік қолдау шарасы халықты қолдауға бағытталған ең ірі мемлекеттік бағдарламалардың бірі саналады.

Соңғы жаңалықтар