• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:27

Алматыдағы перзентханада ана мен бала көз жұмды

Алматыда 32 жастағы жүкті әйел шұғыл отадан соң көз жұмды. Дәрігерлер кесарь тілігімен нәрестені аман сақтап қалуға тырысқанымен, көп ұзамай екеуі де бақилық болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туыстарының айтуынша, Анна Ефименко жүктілік кезінде тұрақты тексеруден өтіп тұрғандықтан, ана мен бала денсаулығына қауіп төндіретін елеулі мәселе анықталмаған. Әйелдің жағдайы нашарлаған соң ол алдымен №2 қалалық ауруханаға, кейін №5 қалалық ауруханаға ауыстырылған.

«Оған дейін бәрі қалыпты болды. Дәрігерлер тексеріп, баланың жағдайын бақылап отырды. Ешқандай қауіп байқалмады. Ал №2 перзентханада жарты сағаттың ішінде үлкен әбігер басталып, дәрігерлер жүгіріп, телефон соға бастады», дейді марқұмның жұбайы Алексей Ефименко.

Дәрігерлер шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған. Алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Операциядан бір тәулік өткен соң Анна Ефименконың өзі де қайтыс болды.

Марқұмның әпкесі Алена Градович жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты да түсініксіз жайттар бар екенін айтты.

«Баланың қайтыс болғанын біз тек 5 мамыр күні кешкі сағат алты шамасында білдік. Ал медициналық құжатта нәрестенің 5 мамыр күні сағат 08:12-де көз жұмғаны көрсетілген. Өлім себебі ретінде гипоксия жазылған, ал ауызша сөйлескенде бізге асфиксия туралы айтылған еді», деді ол.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сот-медициналық сараптама аяқталғанға дейін оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбайтынын хабарлады.

Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды

Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда ана өлімін тиісті органдарға уақтылы хабар бермеген медициналық ұйымға әкімшілік айыппұл салынған еді.

Соңғы жаңалықтар