• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:10

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата-аналары жауапқа тартылады

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында орналасқан «Юность» стадионында вандализм жасаған балалар анықталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бірнеше баланың стадиондағы орындықтарды сындырып жатқан сәті көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаға байланысты полиция вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылыққа қатысы бар екі баланы тауып, олардың ата-аналарының қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция мәліметінше, балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар олар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.

Құқық қорғау органдары жазғы демалыс кезінде ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылап, олардың тәртібіне ерекше назар аударуға шақырды.

Еске салайық, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ыбықты сай шатқалындағы вандализм оқиғасы бойынша қатаң қорытынды шығару керектігін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар