• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматыда жолаушы такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытқан

Алматы қаласының Жетісу ауданында полицейлер шетелдік азаматты Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруға мәжбүрлеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Солтүстік айналма көшесінде болған. Патрульдеу кезінде полиция экипажына Kia автокөлігі келіп тоқтаған. Шетелдік жүргізуші көліктен жүгіріп шығып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Анықталғандай, көліктің артқы орындығында отырған жолаушы жүргізушіге тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, өзін көрсетілген мекенжайға жеткізуді талап еткен.

Бурабайда тауда адасқан 9 шетелдік турист құтқарылды

Полицейлер автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында одан тәркіленген заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында жарақат алған шетелдіктің құтқарылғаны туралы хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар