Бүгін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Əділет министрлігі «Əділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия түрлі салалардағы кəсіби қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Оның қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік жəне тау-кен металлургиясы салаларының қызметкерлері, шахтерлер, спортшылар, педагогтер, дəрігерлер, ғалымдар, кəсіпкерлер, IT-мамандары, заңгерлер жəне креативті индустриялардың өкілдері бар.
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
«Əділет» партиясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, партия бағдарламасының негізінде əділеттілік, жауапкершілік, заңдылық, теңдік, отансүйгіштік жəне прогресс қағидаттары жатыр. Негізгі басымдықтар ретінде заң үстемдігі мен құқықтық тəртіпті нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыруды ілгерілету, адами капиталды дамыту жəне бəсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру айқындалған.
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
«Əділет» партиясы өз қызметін кəсібилікке, қоғамдық диалогқа жəне жауапты азаматтық ұстанымға сүйене отырып, əділетті, заманауи əрі бəсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлес деп қарастырады.
Алдағы уақытта партия ұйымдық құрылымын одан əрі қалыптастыру жұмыстарын жалғастырып, өңірлердегі қызметін жүйелі түрде дамытатын болады.
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?