• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:14

Алматы облысында ер адамды әріптестері азаптап, тірідей көмген

Алматы облысында 29 жастағы ер адамды әріптестері азаптап, тірі күйінде жерге көміп кеткен. Бұл туралы марқұмның туысы Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жазбада Алматы облысының тұрғыны 29 жастағы бауырының 23 мамыр күні жұмысқа кетіп, үйіне оралмағанын жазған. Туыстары бірнеше күн бойы іздеу жүргізіп, 27 мамыр күні оның мәйіті табылғанын білген.

Оның айтуынша, ер адамның денесі өзі жұмыс істеген демалыс аймағының маңынан табылған.

«Оны бірге жұмыс істеген әріптестері өлтірген. Бір түн бойы азаптаған. Үшеуі бір адамға шабуыл жасап, таспен ұрған. Кейін тірі күйде жерге көміп тастаған», деп жазды марқұмның әпкесі.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 мамыр күні Ұйғыр аудандық полициясына ер адамның жоғалып кеткені туралы арыз түскен.

«Адам өлтіру және қылмысты жасыру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті қамауға алынды. Үшінші адамға қатысты процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне қарай қабылданады», делінген хабарламада.

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Алдын ала мәлімет бойынша, демалыс аймағында алкоголь ішіп отырған бірнеше адам арасында жанжал туындаған. Салдарынан жәбірленуші соққыға жығылып, қылмысты жасыру мақсатында жерге көмілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында әкесіне құран бағыштаймын деп барған 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны кісі қолынан қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар