Футболдан Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жермен» клубы жеңіске жеткеннен кейін Францияның бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысы бар деген күдікпен кемінде 140 адам ұсталған. Құқық қорғау органдары 2216 тексеру жүргізіп, 89 айыппұл салған. Сонымен қатар, 24 файер мен жүзге жуық пиротехникалық құрал тәркіленді.
Тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған полиция қызметкерлерінің бірі жарақат алған. Сондай-ақ «Парк де Пренс» стадионы орналасқан Париждің XVI округінде наубайхана мен мейрамханаға зақым келген.
Елисей алаңы маңында алты көлік пен газет дүңгіршегі өртелген. Ал стадион төңірегінде мыңға жуық адам жиналып, жалға берілетін велосипедтерден баррикадалар тұрғызған. Тәртіп сақшылары жағдайды бақылауға алып, кей кездері көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болған.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жермен» мен Лондонның «Арсенал» клубы кездесіп, париждік команда жеңіске жеткен болатын.