• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Батыс Қазақстан облысында алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны алимент төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотта айыпталушының бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Оның алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.  

Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды

Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Биылғы жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған, ал 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған, қалған қылмыстық істер өндірісте.  

Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды

Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.

Соңғы жаңалықтар