«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өндірістік емес персоналды қысқарту арқылы 5 млрд теңге үнемдеп отыр. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЕАЭО отырысының кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген ол қор компаниялары тобында кадрлық оңтайландыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Астана қаласындағы өндірістік емес персоналдың 11 пайызын қысқарттық. Жылдық үнем көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Сандық көрсеткіш бойынша бұл 700 қызметкер», деді Нұрлан Жақыпов.
Оның айтуынша, бұл шаралар компаниялар тобының басқару тиімділігін арттырып, шығындарды оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылған.
Meta компаниясы 8 мың қызметкерді жұмыстан шығарды
Еске сала кетейік, жыл басында қор «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің 10%-ын қысқартатынын мәлімдеген болатын.