• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:55

Атырауда көпқабатты үйден шыққан өрттен екі бала құтқарылды

Атыраудағы өрт кезінде ТЖМ құтқарушылары түтінге оранған үйден екі баланы алып шықты. Оқиға Лесхоз шағын ауданында болған. Кезекші пультіне көпқабатты тұрғын үйдің қатты түтінденгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шыққанын анықтады. Қалың түтін салдарынан жоғарғы қабаттағы балалар сыртқа шыға алмай қалған.

«Барлау жұмыстары кезінде ТЖМ қызметкерлері екінші қабаттағы пәтерден екі баланы баспалдақ арқылы жедел құтқарды», деп хабарлады ведомство.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа уақытта толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Арқалықта мектептің шатыры өртенді

Кеше Ақмола облысының Косшы қаласында дүкен шатыры өртеніп, өрт үйге тараған.
Соңғы жаңалықтар