• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2015

Елбасы «Эни» компаниясының директорымен кездесті

198 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 маусым. Елбасы «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі мәселелері қарастырылды және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар сондай-ақ, Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.